Бейсенбі, 20 Тамыз 2020 17:51

Шымкент көшелеріне LED жарықшамдары орнатылады

Шымкентте 50 мыңға жуық түнгі жарықтандыру шамдары бар. Одан бөлек «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қосымша жарық жүйесін орнату жұмыстары атқарылып жатыр.

Шымкентте 50 мыңға жуық түнгі жарықтандыру шамдары бар. Жарықшамдардың тозуының алдын алу мақсатында үнемі күтім жасалынып тұрады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін қайта құру және күтіп ұстау жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Жобада жарықшамдарды энергия үнемдейтін LED шамдарына ауыстыру, сыртқы жарықтандыру желілерінің тозуын төмендету қарастырылған. Қазіргі таңда бұған қатысты конкурс өткізу жұмыстары қолға алынған.

Одан бөлек, Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қосымша 39 көшеге жарық жүйесін орнату және 4 көшедегі жарық жүйелерін қайта құру жұмыстары, Ленгір бағытындағы тас жолдың ескі шамдарын диодты шамдарға ауыстыру және қосымша жарық жүйесін орнату жұмыстары атқарылып жатыр.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.


 

Оқылды 314 рет