Дүйсенбі, 24 Тамыз 2020 18:21

Шымкентте 2 мыңға жуық адам «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа тартылған

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт-Тоқаевтың тапсырмасына орай, Шымкенттегі жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін жаңа жұмыс орындарын құруда «Жұмыспен қамту 2020» жол картасының іске асырылуы оң нәтиже беріп жатыр, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, биыл «Жастар практикасы» бағдарламасымен 3042 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Жыл басынан бері 1976 азаматқа жұмыс орындарына жолдама берілген. Яғни, бүгінге дейін жоспардың 65 пайызы орындалған. Жастар практикасы бойынша жұмыс істейтін мамандарға техникалық, медицина және педагогика салаларында сұраныс жоғары болып отыр.

«Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша — инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында 3 196 азаматты тегін кәсіби оқуға жолдау жоспарланған. Бүгінде нақты 2 000 адам қысқа мерзімге кәсіптік оқытуға жолданса, 1 196 адам техникалық және кәсіби білімі бар кадрлар даярлауға жіберіліп отыр. Олар үшін 1 қыркүйектен бастап оқу басталады»,- дейді қала әкімі.

 Мұнан өзге қаланың 4 403 тұрғыны ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған. Жыл соңына дейін 6 мыңға жуық адамды қоғамдық жұмысқа тарту көзделіп отыр. Сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарына 283 азамат орналасқан. Бұл тұрғыда жылдық жоспар артығымен орындалғанын айта кеткен жөн.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 435 рет