Сейсенбі, 01 Қыркүйек 2020 19:40

Шымкент: Үлкен магистралды көшелерге веложолақтар салынып, Shymkent bike қайта іске қосылмақ

Бүгінде қаланың Байтұрсынов, Түркістан, Қонаев, Арғынбеков, Асқаров, Жангельдин, Иляев сынды бірнеше үлкен магистралды көшелерінде веложолақтар салу жұмыстары жүргізілуде,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Сәйкесінше, ертеңнен бастап Shymkent bike велоспедтері қайта іске қосылады. Қазіргі таңда жобада 160 велосипедтен құралған 40 велостанция қамтылған. Карталарды Тәуке хан көшесіндегі Имран супермаркеті жанындағы сату бөлімінен алуға болады.

Сондай-ақ, пайдаланушылар үшін қолжетімді әрі ыңғайлы тарифтік жоспарлар да әзірленген. BIKE SHARING жүйесі арқылы велосипедті алғашқы 30 минут тегін пайдаланып, одан кейін тарифке сәйкес 1 сағат үшін -100 теңге, 2 сағат үшін – 250 теңге, 3 сағат үшін – 500 теңге, ал 3 сағаттан асса 1 000 теңгеден жұмсалады.Жалпы абоненттік төлем картасының құны: 1 айлық абонемент – 2 500 теңге, 3 айлық абонемент – 6 000, 1 жылдық абонемент – 10 000 теңге тұрады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 328 рет