Жұма, 04 Қыркүйек 2020 11:34

Шымкент: «Жұлдыз» индустриалды аймағында 8000 жұмыс орны ашылады

Президенттің өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында жалпы аумағы 306 гектарды құрайтын «Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылып жатыр.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгінгі таңда индустриалды аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірлену үстінде. Бірінші кезеңде 2020-2021 жылдары аралығында 110 гектар, екінші кезеңде 2021-2022 жылдары 230 гектар жер игеріледі.

Жалпы, бұл индустриалды аймаққа 105 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылады. Ол толық іске қосылғанда 8 000 адам жұмыспен қамтылмақ.

Сондай-ақ, мұнда кезең-кезеңімен 60 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Жобалар негізінен құрылыс материалдары, металлургия, фармацевтика және жиһаз өнеркәсібіне бағытталған. Атап айтқанда, индустриялды аймақта трансформатор, полиэтилен құбыры, жылытқыштап, пенопласт, пеноплекс өндіретін өндіріс компаниялары орналасады деп жоспарланып отыр.Айта кетейік, өз кезегінде бұл қадам Шымкент қаласындағы өнеркәсіп және индустрия саласының дамуына жол ашып, отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсетіні рас.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 394 рет