2020 жылдың 7-9 қыркүйек аралығында www.shymkent-baspana.kz сайты арқылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін кредиттік тұрғын үйлердің 1 бөлмелі пәтерлеріне құжаттар қабылданады. Пәтерлердің 1 шаршы метр құны 180 000 тг, пәтердің ауданы 30-32 шаршы метр, пәтер саны – 44.
Төлем қабілеттілігі бар азаматтардан құжаттар 3 жұмыс күні ішінде қабылданады.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша төлем қабілеттілігі расталған азаматтар жылдық мөлшері 7 пайызды құрайтын, бастапқы жарна 20 пайыз, мерзімі 25 жылға дейін екінші деңгейдегі банктердің несиелендіру шарттарымен тұрғын үй алуға болады.
Бағдарламаға қатысу шарттары:
— Қазақстан Республикасының азаматы;
— Ипотекалық несиелердің болмауы;
— Табыстың болуы;
— Баспананың болмауы.
Бұл бағдарламаны несиелендіру бойынша екінші деңгейлі 8 банк жұмыс атқаруда. Олар: «Банк Центр кредит» АҚ-ы, «Еуразиялық Банк» АҚ-ы, «АТФ банк» АҚ-ы, «Цеснабанк» АҚ-ы, «Банк RBK», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы, «Forte Bank» АҚ-ы, «Сбербанк»АҚ-ы.
Бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес, үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) өтініш берушінің жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
3) ипотекалық жылжылмайтын мүлік үй қарыздарының жоқтығын дәлелдейтін кредиттік бюронің кредиттік есебі;
4) жұмыс орнынан соңғы 6 айлық көрсеткіш.
Әрбір азамат төлем қабілеттілігін растау кезеңінде банктің талабы бойынша қажетті құжаттарды ұсынады.
Егер өтініш беруші тиісті кірісті растамаса, онда келесі өтініш берушілердің алдын ала тізімдерінен іріктеу жүргізіледі.