«Шымкент қаласының солтүстік бөлігінде соңғы 3 жылдан бері электр энергиясының жетіспеушілігі орын алуда. Аталған мәселені шешу мақсатында қуаттылығы 220 кВ «Бозарық» қосалқы станциясы салынып жатыр» — деді Шымкент қаласының әкімі бағдарлама барысында.
Айта кетейік, 220 кВ қосалқы станциясының және әуе желісінің құрылыс-монтаж жұмыстарын мердігер мекеме «Аврора Констракшен» ЖШС жүргізуде. Бұл жұмыстарға бюджеттен 9,7 млрд. теңге қаржы бөлінген екен. Бүгінгі таңда нысан құрылысы 90% аяқталған. Қала басшысы станция жыл соңына дейін пайдалануға берілетінін атап өтті.
Сонымен қатар, «Ақжар» және «1-М-1» қосалқы станциялары салынуда. Әрқайсысының қуаты 110 кВ. Құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Осы қосалқы стацияларды іске қосу арқылы 10 елдімекеннің мәселесі шешіледі.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат