Сенбі, 05 Қыркүйек 2020 12:16

Шымкентте екі гүлзар қайта жаңарды

Шымкент қаласындағы Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесінің қиылысындағы, Д.Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесінің қиылысындағы гүлзарлар қайта жаңа кейіпке енді.

Мұнда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Нысан аумағында газон алаңы толықтай жаңартылып, веложол, жарық шамдар және орындықтар орнатылған. Қосымша қылқан жапырақты ағаш көшеттері, декоративті гүлдер отырғызылды, – дейді әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов.

Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуші бас мердігер — «Шымкент Жасыл қала» ЖШС компаниясы. Жалпы 2 279 шаршы метр аумаққа плиталық төсеніштер төселіп, 4 670 шаршы метр жер көгалдандырылды. Сондай-ақ, гүлзарларға жаңа үлгідегі жарықшамдар, ыңғайлы орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.

Жалпы биыл қаланы абаттандыру мақсатында, осы жұмыстармен қатар, "Чернобыль" гүлзарын абаттандыру, "Әл-Фараби алаңындағы гүлзарды" абаттандыру, Қажымұхан атындағы стадион аумағындағы "Спорт" станциясын абаттандыру және Қайтпас -1 шағын ауданын, Қасірет шатқалын көгалдандыру жұмыстары жоспарланып (5 жоба), құрылыс жұмыстары басталған.


«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 531 рет