Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұл деген сөз, шымкенттіктер енді әр аптаның сенбі күні ұйымдастырылатын жәрмеңкеден азық-түлік өнімдерін көтерме бағада сатып ала алатын болады.
Бұл жөнінде қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков жәрмеңке ассоциациясы мүшелерімен кездесу барысында хабарлады. Кездесуде жәрмеңке кезінде карантин талаптарын қатаң сақтау шаралары толығымен түсіндірілді.
Айта кету керек, Қажымұқан атындағы орталық стадионда әр сенбі сайын ұйымдастырылатын ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың және ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтарының өнімдері сатылады. Ет, балық, сүт, бау-бақша, көкөніс, макарон, шұжық, тұрмыстық химия, текстиль жəне өзге де өнімдер базар нарқынан тауар түрлеріне қарай 10-15 пайызға төмен ұсынылады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат