Қазіргі таңда орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған Әл Фараби ауданындағы 614 көпқабатты үйдің 70 пайызы жылу қабылдауға дайын. Жауапты мамандар қыс мезгілінде пәтерлерде сапалы жылу болу үшін бірнеше талаптарды орындау қажеттігін тұрғындарға ескертеді.
«Жылу жақсы болсын десе тұрғындар ескі құбырларды, батарейлерді ауыстырулары қажет. Көпқабатты үйде бір пәтердің иесі жаңаламаса, сапалы жылу болмайды. Сондықтан да, уақытты жіберіп алмай, жүйелерді жаңалап алыңыздар», деді Әл-Фараби ауданы әкімдігінің бас маманы Бағлан Өтеулі.
Құбырларды тазалау жұмыстарын аудандағы бес коммуналдық мекеме жүргізуге дайын. Алайда тұрғындар үйді өз күшімізбен алдағы жылу маусымына дайындаймыз десе, таңдау өздерінде. Былтыр Әл Фараби ауданында 130 тарта көпқабатты үйлердің тұрғындары жеке бригадалармен келісіп үйлерді қысқа дайындаған.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат