Жақында «Ақылды қалалар» эталондық стандартына сәйкес Шымкент қаласында «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық жүйесі іске қосылды. Аталған жүйе саябақтар мен қоғамдық орындарда тұрғындардың телефондарын қуаттап, жалпыға қолжетімді Wi-Fi пайдалануына мүмкіндік береді. Құрылғы күн көзінен қуат алатын панельдер мен аккумуляторлар арқылы жұмыс жасайды. Күнбағысқа кез-келген қала тұрғыны мен қонақтары демалып әрі телефон құрылғысын қуаттай алады.
«Ақылды күнбағыс» кешені Шымкентте 20 жерге орнатылды. Олар – Тәуелсіздік саябағы – 6, Орталық саябақ – 3, Металлург саябағы – 3, Жеңіс саябағы – 3, Дендро саябағы – 3, Қошқар ата – 2.
Айта кетейік, Шымкентте «Ақылды қала» жобасы бірнеше бағытта дамып келе жатқанын мәлімдеді. Олардың арасында денсаулық сақтау, білім беру, көлік, қауіпсіздік және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық салалары бар.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат