Мамыр айында Арбат, Абай саябағы, Жайлаукөл, Тәуелсіздік және Орталық саябақтарда, сонымен қатар Теміржол вокзалы мен әуежайларда арнайы кеңес беру орталықтар ашылған болатын.
Бүгінде 7 киоскіде үш тілді меңгерген, тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Қалаға келген туристер саябақ маңындағы киоскілерден қаланың туристік картасымен танысып, қандай ерекше, таңдаулы жерлер бар екенін біле алады.
Сондай-ақ, кеңес беруші мамандар шетелден келген қонақтарға ақысыз гид қызметін көрсетуде. Карантиндік режим кезінде онлайн форматта қызмет көрсеткен мамандар бүгінде сәрсенбі-жексенбі күндері таңғы 9:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Қазіргі таңда киоскілерден кеңес алушы туристер ақпараттың пайдалы болғанын айтып, өз ризашылықтарын білдіруде.
Жалпы статистикалық мәліметтер бойынша, бүгінге дейін туризм басқармасының ақпараттық киоскілеріне 1200-ден аса қазақстандық және шетелдік туристер қызығушылық танытып, кеңес алған.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат