Осыған орай, Шымкент қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан бірнеше азаматты мерекелік медальмен марапаттады.
— Барлығымыз – бір халықпыз, мақсатымыз — бір. Бір ауаны жұтып, бір суды ішіп отырмыз. Осы тұрғыдан қалада тұратын әр тұрғын – қаланың дамуына үлес қосып отыр. 25 жылда талай өзгерістер болып, талай жұмыстар атқарылды. Елдің бірлігін нығайтуға үлес қосып келе жатқан азаматтар баршылық. Ассамблеяның мерейлі мерекесі – Сіздер сіңірген еңбектің нәтижесі деп білемін, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Марапат иегерлері:
— Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі — Мырзахметов Шалатай;
— Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы, Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі — Рысбай Исамудин;
— Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі — Шеримкулов Досыбай;
— «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары -Қалмұратов Мұратәлі;
— Халықаралық «SILKWAY» университетінің президенті — Юнусов
Мадияр;
— Қазақстан халқы Ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы — Көмекбаева Балхия;
«Шымкент қаласының Азаматтық Aльянсы» қауымдастық нысанындағы ЗТБ президенті — Білісбеков Жұмағали;
«NAR TV» телеарнасы директорының орынбасары — Күмісбек
— Айғаным;
— «Айғақ» телеарнасының редакторы — Сарыбасова Ұлбике;
«Отырар» телеарнасының тілшісі — Саидов Шуддин;
— «Хабар-24» телеарнасының тілшісі, Байбосынов Нұрбек;
— «Уақыт» газетінің бас редакторы, Балтабаев Талғат
— «Казахстанская правда» тілшісі — Доброта
Любовь;
«Шымкент ақпарат» ЖШС директоры -Тайжан Бақтияр;
— «Оңтүстік» телеарнасының директоры – Қыдыров Уәли;
— Шымкент қаласы Қоғамдық кеңестің төрағасы — Бұхарбай
Нұрғазы;
Сондай-ақ, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен:
— Қала әкімі аппараты басшысының орынбасары — Мыңбаев Рашид;
— Қала әкімі аппараты басшысының орынбасары — Сарсеева Айгүл;
— Білім басқармасы басшысының орынбасары — Нарбекова Балмаржан;
— Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бас маманы — Зайнутдинова Ляйля;
— Қала әкімі аппаратының бас инспекторы — Шынтасов
Даурен;
— Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың бас маманы — Амзеева Айгүл;
— Қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың — — «Қоғамдық келісім» КММ басшысы — Байғонақов
Ербол наградталды.
Айта кетейік, бүгінде қаладағы 1 млн. 38 мыңнан астам тұрғынның 67,4 пайызын – қазақтар, 17,6 пайызын – өзбектер, 8,9 пайызын – орыстар және 6,1 пайызын өзге этнос өкілдері құрайды. Миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент қаласы қашан да ұлттық салт-сананың сарқылмас бұлағы саналған. Достықтың киелі ордасы болып табылатын қаламызда 17 этномәдени бірлестік жұмыс жүргізеді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат