Соның ішінде, Жарты төбе а/о, Ынтымақ және Достық елді мекендердің электр қуатымен қамтамасыз етілмек.
Биыл сондай-ақ, үш елді мекеннің жарық беру құрылғылары жаңартылатын болады. Аудандық электр торабы мекемесі тарапынан өткен жылы 36 елді мекенде 50 шақырымға жуық электр сымдары және бағаналары жаңартылған болса, 15 дана қуатты трансформатор ауыстырылды. Аталған жұмыстар биыл да жалғасын тауып, 50 шақырымнан астам электр сымдары жаңартылып, 19 дана қуатты трансформаторды алмастыру жұмыстарын 34 елді мекенде жүргізу көзделіп отыр.
Жалпы ауданда былтыр 55 шақырымнан астатын 34 көшенің орташа жөндеу жұмыстары және бір жаңа көпірдің құрылыс жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 42 шақырымды құрайтын 27 көшенің құрылысына 882,5 млн. теңге қаралып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат