Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 09:35

Арыс-Түркістан каналында орналасқан көпір жөнделуде

Түркістан қаласында Кентау-Түркістан бағытындағы Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолы аралығындағы Арыс-Түркістан каналында орналасқан көпірді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Аталған аумақта жаяу жүргіншілер жолының да адамдар үшін ыңғайлы, жарық болуы қарастырылған. Атап айтсақ, автокөлік жолынан бөлек 2 метрден жүргіншілер және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус қою қарастырылып отыр. Одан бөлек, кіші архитектуралық пішіндер, жарықшамдар, орындықтар, қоршау және қоқыс жәшіктері болады»-делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.

Жалпы, ескі көпірді жаңа заманауи әрі тарихи келбетке келтіру жұмыстары 5 ақпанда басталған болатын. 20 ақпанда аяқталуы жоспарланып отыр. Мұнда 52 жұмысшы мен 10-ға тарта техника жұмылдырылды.

Еске сала кетсек, Арыс-Түркістан каналы – Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы жер суармалауға арналған канал. 1967 жылы  пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы — 194 км. Канал — Арыс және Түркістан деп аталатын екі тармақтан тұрады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 709 рет