Басқосуға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur-Otan» партиясының мүшесі - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Рамазанова Ләззат Керімқұлқызы ауданымызға арнайы іс-сапармен келіп, аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесудің тақырыбы: «Отбасы институтын нығайту мәселесін талқылау».
Жиынға аудан әкімі М.Отаршиев, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Д.Сариев, аудандық мәслихат хатшысы С.Тасқұлов, тиісті сала басшылары, ҮЕҰ және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кездесу барысында әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу тақырыбында сөз қозғалды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат