Мерекелік тарту қала әкімінің қолдауы бойынша демеушілер есебінен ұйымдастырылған. Жалпы, 6 439 ерекше балаға арналған сыйлықтар мен тәттілерді қаладағы 4 аудан әкімдіктерінің өкілдері үлестіруде.
Әл-Фараби ауданында сондай-ақ, көпбалалы отбасы балаларына арналған Жаңа жылдық шырша кеші де санитарлық талаптарға сәйкес ұйымдастырылды. «Оқушылар сарайында» 150 көпбалалы отбасы бүлдіршіндеріне сыйлықтар табыс етілді.
Мерекелік іс-шарада балалар арнайы дайындықтары мен өнерлерін тамашалатты. Сиқырлы кеште түрлі байқаулар мен концерттік бағдарлама бүлдіршіндерге ұмытылмас, ерекше көңіл-күй сыйлады.
«AQ-QARA.KZ-ақпарат»