Жұма, 24 Маусым 2022 10:17

ШЫМШАҺАРДА ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағынауданында жыл соңына дейін 653 абонент сапалы электр қуатымен қамтылады. Қазіргі таңда шағынауданда бағаналар тартылып, электр желілері тартылуда. Аталған жұмыстар 2021 жылы басталып, бүгінде құрылыс жұмыстарының 40 пайызға жуығы аяқталған. 

Атап айтқанда  600-ден астам электр бағанасы орнатылып, 2 шақырым электр желілері тартылды. Содан кейін, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жоспар бойынша, сапалы жарықпен қамту тамыз айында толық пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Нұртас шағынауданын табиғи газбен қамту жұмыстары қатар атқарылуда. Газ жүйелерінің жалпы ұзындығы 15,7 шақырымды құраса, бүгінде оның 75 пайызы орнатылды.

Айта кетейік, биыл Нұртастағы Тасанбаев және Хан тәңірі көшелері жарықтандырылады.

Құрсай шағын ауданына инженерлік-инфрақұрылым тарту жұмыстары да жүзеге асуда. 8 мыңға жуық тұрғыны бар шағын ауданды сапалы ауыз сумен қамту үшін құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталған. Жалпы ұзындығы 336,5 шақырымды құрайтын су жүйесін тарту жұмысы 2 кезең бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бірінші нысандағы 185,5 шақырымды құрайтын ішкі орамдық жүйенің 72 пайызы орындалған. Құрылысты аяқтау мерзімі осы жылдың қараша айына жоспарланған. Нысан пайдалануға берілгенде 17 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді.  Екінші кезеңдегі су жүйелерінің ұзындығы 151 шақырым. 2021 жылы басталған құрылыс, биылғы жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі. Қазір бұл нысанда жұмыстың 74 пайызы аяқталған.

Жалпы, қаладағы тнфрақұрылыммен  ұамту құрылыстары жүріп жатұан аудандардың бәрі де қала басшысының жіті бақылауында. Шаһар басшысы сол нысандарды аралап, жұмыс барысын жіті бақылауында ұстап отыр.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Оқылды 262 рет