Түркістан қаласында 45 саябақ, 34 сквер, гүлзар және 9 жасыл алаңдары бар.
Атап айтсақ, 380 га аумақта ағаштарды дәріленіп, тыңайтқыштармен қоректендірілді. 11 245 дана ағашқа санитарлық және авариялық кесу жұмыстары жасалды.
45 саябақ, сквер,гүлзарда кіші сәулет мүсіндері мен саябақ құрылыстарында (орындық, жарықшамдар, мүсіндер т.б), аяқжолдар мен балалар ойын алаңдары сырланып, қайта қалыпқа келтірілді.
Жыл басынан бастап 12,2 га аумақта 15 036 дана ағаш көшет егілді. 9000 ш.м аумақ көгалдандырылды. Шекті Тілеу Жолдаяқ , Байбұрт, С.Қожанов, Резиденция алды, Есімхан алаңы мен Ж.Майкотов көшелеріне -11 900 дана қылқан және түрлі жапырақты ағаш демеушілер есебінен отырғызылды.
Ж. Майкотов көшесіндегі “Желілік саябақта” көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының 2,3,4,5– кезеңдері жүзеге асуда.
Сонымен қатар, қала аумағында 110 мың көп жылдық және 90 мың бір жылдық гүл егілді.
Естеріңізге сала кетейік, Түркістан қаласында көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін шаһар 32 секторға бөлінген болатын. Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты.Қаланың климаттық көрсеткіштерін жақсарту жолында 2019 жылдан бері 327 072 түп ағаш және 982 705 шаршы метр көгал егілген. Қаланың Бас Жоспарына сәйкес 2021 жылы 80 000 түп ағаш және 122 000 шаршы метр көгал егу жобасы әзірленіп, мақұлданған. Оның ішінде басымдылық жемісті және ірі жапырақты ағаштарға берілмек. Яғни, алма, шие, өрік пен катальпа, емен, талшын, шынар түп ағаштың 60% пайызы келешекте көлеңке сыйлап, күннің ыстығы мен желден қорғау мақсатында отырғызылуда. Арнайы арықшалардың да осы мақсатта салынып жатқанын ескере, уақытылы суарылып, қажетті дәрі-дәрмек қолданыла ағаштарды емдеу жұмыстарын атқаруды тапсырылған болатын.