Жұма, 21 Қазан 2022 12:52

ТҮРКІСТАН: ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

 

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштері мен шағымдарын тыңдады.

Қала басшысы баспана кезектілігі бойынша айтылған өтініштерге мәселенің заңдылығын түсіндірді. Әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым жөнінде көтерілген сауалдар да сараланып, тиісті жұмыстарды ұйымдастыруға мамандарға тапсырмалар берілді.

Өз кәсібін ашуға ниетті азаматшаны жан-жақты қолдау қажеттігін ескертіп, сала жетекшілеріне заң аясында тиісті шараларды қабылдауды жүктеді.

Оқылды 295 рет