Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің дін сұрақтары мен ұлтаралық қатынастар мәселесі бойынша секторға бас маман қажет. Орташа лауазымдық айлықақы - 236 338.Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Білімге қойылатын талаптар
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Мамандығы(классификаторға сәйкес)
Гуманитарлық ғылымдар,
Құқық,
Қызмет көрсету (білім беру саласы),
Білім (білім саласы),
Тарих,
Философия,
Мәдениеттану,
Филология,
Дінтану,
Шығыстану,
Шетел филиологиясы,
Теология,
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы),
Әлеуметтану,
Саясаттану,
Психология,
Журналистика,
Аймақтану,
Мемлекеттік және жергілікті басқару,
Қоғамдық байланыс,
Әлеуметтік жұмыс,
Жобаны басқару
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, қаладағы мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің мемлекеттің ішкі саясатын іске асыруының барысын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қала әкімінің бөлім құзіретіне жататын мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларын орындалуын қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы мен «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау т.б. жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіреді; Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады /арнайы іс-шаралар мен медиа-жоспарлар әзірлейді, олардың орындалу барысына талдау жасайды/; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аймақтық мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын үйлестіреді; Қала аумағында бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын үйлестіруді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен БАҚ қоғамдық өкілдерімен бірлескен жұмыстарды жүргізеді; Әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жария ету жөнінде аймақтық электрондық және баспа БАҚ мониторингін жүргізеді; Қаладағы қоғамдық саяси ахуалды болжауға бағытталған және түрлі әлеуметтік мәселелері бойынша тақырыптарда социологиялық зерттеулер жүргізеді; Халықты «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасын Түркістан қаласында жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіреді; Бөлімнің құзіретіне кіретін жастар және ішкі саясат мәселелері бойынша ақпараттарды жинауды және талдауды қамтамасыз етеді, қала әкіміне ақпараттық-сараптау материалдарын дайындайды; Қала әкімі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу кеңесінің жұмысын үйлестіреді; Қазақстан Республикасының атаулы мен мерекілік күндерін атап өту бойынша және қала әкімдігі мен әкімі қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыруда ұйымдық-идеологиялық шараларының жоспарларын дайындайды; Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өз саласы бойынша қалалық деңгейде ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асырады; «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне өзіне тиісті жеке мәліметтерді (бұйрыққа негіз болып табылатын өтініштердің барлық түрі, қызметтік жазбалар, бағалау парақтары т.б) тек автоматтық режимде енгізеді және жолдайды; Электронды құжат айналымын реттейтін бағдарламаларға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізеді; Бөлімде қабылданған ішкі еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтайды; Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізеді, қызметтік тәртіптік сақтайды; Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары орын алған жағдайда , жоғары тұрған қала әкіміне немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырушы органдардың назарына дер кезінде жеткізеді; Жүктелген міндеттерді атқару кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.