Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің азаматтық хал актілерін тіркеу секторының бас маманының орны бос.
Орташа лауазымдық айлықақы 236 338 теңге. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Білімге қойылатын талаптар
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Мамандығы(классификаторға сәйкес)
Құқық,
Қызмет көрсету (білім беру саласы),
Құқықтану,
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы),
Әлеуметтану,
Экономика,
Есеп және аудит,
Мемлекеттік және жергілікті басқару,
Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы),
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі,
Әлеуметтік жұмыс,
Қаржы,
Жобаны басқару
Функционалды міндеттер
Қала және ауыл округі аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, аталған саланы дамытуға бағытталған тиісті жұмыстарды ұйымдастырады, осы салаға қатысты ҚР заңдарының, басқа да нормативтік құқықтық актілердің және жоғары органдардан келген тапсырмалардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етеді, аталған саланың дамуына бағытталған қажетті бағдарламаларды, жоспарларды, іс-шараларды әзірлейді, олардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді; Тууды тіркеу, бала, қыз асырап алу туралы акт жазбасын «АХАТ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде енгізу барысында заңдылықтың сақталуын және тиісті мерзімінде қамтамасыз етеді, мұрағат жұмыстарын жүргізуге жауапты; 7 түрлі куәліктерді қайталап беру. Азаматтық хал актілері жазуларына өзгертулер, түзетулер мен толықтырулар туралы хабарламалар негізінде азаматтық хал актілері жазуларына тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізу жұмыстарын жүргізеді, кітаптарын өндеу мен мұқабалау жұмыстарын жүргізеді, мұрағаттық қордың тізімдемесін жасайды; Қайтыс болу, әке болуды анықтау, неке бұзу, бала, қыз асырап алу, сондай-ақ бала асырап алу туралы сот шешімінің күшін жою, әкелік құқығынан айыру, акт жазуларын мемлекеттік тіркеу, куәліктерді қайталап беру, барлық акт жазбаларына өзгертулер, түзетулер мен толықтырулар енгізутуралы істерді қарау кезінде сот отырыстарына қатысуды және сондай-ақ соттың заңды күшіне енген шешімінің орындалуын қамтамасыз етеді; Жұмыс барысында еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, техникалық және ақпараттық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздік және өндірістік санитария ережелерінің орындалуын, мекеме мүлкінің тиімді пайдалануын және сақталуын қамтамасыз етеді; Заңға сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы жауап береді; Бөлім басшысы және сектор меңгерушісі қызмет бабы бойынша берген тапсырмаларды орындайды, орындалуы бойынша есеп береді; Өз саласы бойынша қолданыстағы заңнама талаптары бұзылған жағдайда, тиісті шараларды қабылдау үшін бұл туралы бөлім басшысына, сектор меңгерушісіне және тиісті құзырлы органдарды шұғыл түрде жазбаша хабардар етеді; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басќару және өзін-өзі басќару туралы» ҚР Заңына сәйкес, өз құзыретіне жататын басқа да міндеттерді орындайды; Қызметтік міндеттерді атқару кезінде, еңбекке уақытша жарамсыз болғаны туралы шұғыл түрде сектор меңгерушісіне хабарлайды және жұмысқа шыққаннан кейін бір күн ішінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын тапсырады; Дербес деректері (мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаты, білімі, отбасылық жағдайы туралы және т.б.) өзгерген жағдайда, бұл туралы үш жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне хабарлайды; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 10-бабында көрсетілген міндеттерді орындайды; Жұмыс барысында «Е-қызмет» ПБЫАЖ, «Әлеуметтік көмек көрсету» базасында, «Е-собес», «Е-әкімдік», ЭҚАБЖ жүйесін үнемі пайдалананып, тиісті жұмыстарды атқарады; ҚР заңдарына сәйкес, өзге де міндеттер мен функцияларды орындайды; Мемлекеттік қызметтерді белгіленген мерзімде көрсетуге (соның ішінде көрсетілген кезеңдердің мерзімдерін сақтауға) міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.