Жұма, 14 Қазан 2022 16:36

Отырар: округ әкімі шәуілдірліктерді «Табиғатта қоқысқа жол жоқ» атты жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысуға шақырды

Отырар ауданы, Шәуілдір ауыл округінің әкімдігі тұрғындарды «Табиғатта қоқысқа жол жоқ» жалпыұлттық акциясына шақырды. «Шәуілдір ауыл округі тұрғындарының назарына «Табиғатта қоқысқа жол жоқ» атты жалпыұлттық экологиялық акциясына сәйкес, 15.10.2022 жылы Шәуілдір ауыл округінде сенбілік өткізу жоспарлануда. Сенбілікке меншік құқығына қарамай ауыл округінде тіркелген барлық мекемелерді, жеке кәсіпкерлерді, барлық тұрғындарды қатысуға шақырамыз.

Сенбілік барысында жол жиегіне жақын өсіп, көлік қозғалысына кедергі жасайтын жыңғылдар мен жол жиегіне өсіп, көшенің сынын бұзып тұрған арам шөптер шабылады. Барлық ауыл тұрғындарын өз сыртқы қоршауларының сыртындағы өскен жыңғылдар мен арам шөптерді шауып, аула сыртында жатқан тұрмыс қалдықтарын жинап, сенбілікке бір кісідей қатысуға шақырамыз» делінген хабарламада.

Жалпы, әлемде экологиялық ахуалдың жылдар өткен сайын нашарлап бара жатқаны жасырын емес. Бұл өз кезегінде әлемнің бір бөлшегі болып табылатын Қазақстанды да айналып өтпейді. Экологтардың есебінше, 2050 жылға қарай әлемдегі тұрмыстық қалдықтың көлемі 70%-ға өсіп, 3,4 млрд тоннаға жетеді. Бұл дегеніңіз келешекте Жер планетасының үлкен қоқыс полигонына айналуға шақ қалғанын білдірсе керек. Бірқатар дамушы елдерде қалдықты бөліп жинау мәдениеті әлі күнге жолға қойылмаған. Өкінішке қарай, бұл қатарда Қазақстан да бар. Елімізде тұрмыстық қалдық тасталатын 3 520 полигон бар, соның 18%-ы ғана тиісті талапты сақтап отыр. Қоғам белсенділері және экологтар заңсыз қоқыс алаңдарының азаймағанын айтып, дабыл қағып жатқаны бекер емес. Былтырғы статистиканы сөйлетсек, Қазақстанда өндірістік және тұтыну қалдық­тары тасталатын орын саны 17 934-ке жетті. Бірақ осы полигон­дардың дені санитарлық талаптар мен экологиялық стан­дарттарға сәйкес келмейді.– 3,5 мыңнан астам тұрмыс­тық қалдыққа арналған поли­гонның 83%-ы санитарлық, эко­логиялық және құрылыс нормаларына сай емес. Қалдықты көму технологиясы сақталмайды. Со­ның салдарынан өрт жиі шы­ғады. Аймақтарда тұр­мыстық қалдықты іріктейтін желілердің болмауы қоқысты та­лапқа сай көмуге кедергі. Бүгінде қо­қыс шығару қызметімен тұр­ғын­дардың тек 66%-ы ғана қам­тылған. Бірыңғай есеп беретін жүйесіз өңір­лердегі ахуалды бақылауда ұстау қиын.Қоқыс полигондарының ба­сым бөлігі халық көп қоныс­танған елді мекендерге таяу ор­наласқан. Бұл аумақта өрт жиі болатындықтан халықтың денсаулығы мен қоршаған ор­таға орасан зиян келіп жатыр. Жыл санап бейберекет қо­қыс алаңдары көбейіп барады. Сол себепті жергілікті ат­қарушы органдар аумақтар­дың санитарлық тазалығына бюджеттің миллиондаған қара­жатын жұмсауға мәжбүр.

Қазақстан жасыл экономиканы дамытуды қолға алғаны мәлім. Соған сәйкес 2030 жылға қарай қайта өңделген қалдықтың көлемін 40%-ға, 2050 жылы 50%-ға арттыру көзделген. Осы арқылы экологиялық ахуалды жақсартып қана қоймай, шағын және орта бизнесті өркендетуге жол ашылады дейді сарапшы­лар. Былтыр тұрмыстық қал­дықты қайта өңдеудің үлесі 11,5%-ға өсіпті. 2017 жылы ол 9% деңгейінде болған. Осыған қарамастан аталған саладағы күрмеулі мәселелер жетерлік. Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының бас­шысы Айгүл Соловьеваның айтуынша, әсіресе заңсыз төгі­летін бейберекет қоқыс полигондарымен күресті күшейту қажет. Өйткені уақыт өткен са­­йын оның саны артпаса да, кеміген жоқ. Көкейкесті мәселені шешудің амалы ретінде экологтар заңсыз қоқыс төккендерге қатысты жауап­кершілікті күшейтіп, заң­ды қатаңдату қажет деп есеп­тейді.Бұл мемлекеттік орган­дар жұмыс істе­мейді дегенді біл­дірмейді. Осы іске қоғам­дық ұйымдарды тартып, тұр­ғындардың жауап­кершілігін арттырумен қатар, бұл бағыттың қозғаушы күшіне айналатын іскер азаматтарды жұмылдыру керек. Бірақ биылдан бас­тап қоқыс полигондарында пласт­масса, макулатура, картон және әйнек қалдықтарын көмуге тыйым салынды. 2021 жылдан бастап құрылыс және тамақ қалдықтарын көмуге де осындай тыйым салынбақ. Ең бас­тысы, полиэтилен пакет өн­ді­­­рісін қысқарту керек дейді экологтар.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 261 рет