Сәрсенбі, 24 Мамыр 2023 19:53

ШЫМКЕНТ: «ҚАМҚОР» БАҒДАРЛАМАСЫ МАУСЫМ АЙЫНДА БАСТАЛАДЫ

Шымкент қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етуге арналған жаңа «Қамқор» бағдарламасы маусым айында басталу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Отбасы банкі өтінім беру жүйесін аяқтауға жақын. Бұл бағдарлама ең алдымен тұрғын үй кезегіне тіркеле алмайтын сала мамандарына арналған. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде өтінімдерді қабылдау және әлеуетті қарыз алушылардың тізімін қалыптастыруда басты оператор Отбасы Банкі болып табылады. Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлерді іріктеден өткізу балдық жүйе арқылы есептеледі.

Шарттары:

Максималды несие соммасы - 20 млн теңге

пайыздық мөлшерлеме - 5% (ЖТСМ - 5.2% бастап)

бастапқы жарна - 10%

бірінші және екінші нарықтан баспана ала аласыз

ЖАО-да кезекке тұру міндетті емес

Шымкент қаласында соңғы 3 жылда тіркелген (прописка) болу керек

белгілі бір жұмыс орнында Шымкент қаласында соңғы 12 айдан кем емес еңбек қызметін жүзеге асыру

атыңызда және отбасыңызда соңғы 5 жыл баспана тіркелмеген болуы керек.

 

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласы тұрғын-үй басқармасының есепке алу және тұрғын үйді бөлу бөлімінің басшысы Жұлдызай Ордабекова“Қамқор” өңірлік бағдарламасының бірінші кезеңінде 150 адамды баспанамен қамтамасыз ету жоспарланғанын айтып еді.

«2019 жылдан бері “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында республикалық бюджетке салынған тұрғын үйлерді мемлекеттік қызметкер, бюджеттік ұйым қызметкерлері санатына беру тоқтатылды. Ол кісілердің кезегі жүрмей қалған. Енді биылдан бастап осы санаттағы адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет қаржысына салынып жатқан 324 пәтердің құрылысы аяқталуға жақын. Соның ішінде 111 пәтер осы кісілерге беріледі. 324 пәтердің барлығы “Тұран” шағынауданы мен “Нұрсәт” шағынауданында орналасқан тұрғын үйлерден беріледі. Тұрғын үйде қызметтік пәтер деген бөлек, ал  қызметтік пәтерге теңестірілген деген бөлек. Мұны шатастырмау керек. Ал бұл санаттағы адамдарға берілетін үйлер қызметтік пәтерге теңестірілген болып келеді. Біріншіден қай тұрғын үйлер бірінші дайын боп, таратылғаныа байланысты болады. Екіншіден тұрғын үй комиссиясының шешімімен де қаралды»,-деген еді Жұлдыз Ордабекова

Оқылды 155 рет