Түркістанда халықаралық түркі академиясының ғылыми орталығы ашылмақ

Түркістан қаласында «Киелі Түркістан және Түркі дүниесінің рухани жаңғыруы» атты ғылыми-теориялық конференция өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы маңызды жиынды Түркістан облысының әкімдігі мен Халықаралық Түркі Академиясы өткізді. Жиынға елімізден бөлек Әзірбайжан, Ресей, Түркия, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, АҚШ, Тәжікстан, Үндістан мемлекеттерінен туркологтар мен ғалымдар және дипломатиялық өкілдіктерден де қонақтар келді. Жиында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани және мәдени орталығына айналу бағытында жұмыстар басталғанын мәлімдеді.

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтуде

Түркістан қаласында «Киелі Түркістан және Түркі дүниесінің рухани жаңғыруы» атты ғылыми-теориялық конференция басталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы маңызды жиынды Түркістан облысының әкімдігі мен  Халықаралық Түркі Академиясы бірлесіп ұйымдастырды.  Сонымен қатар, Түркі  кеңесі мен Қожа Ахмет  Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті  де қолдау  көрсетуде. Конференцияны Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ашты.

Мақтааралдың 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерейтойы аталып өтті. Салтанаты шараның шымылдығы «Мақтааралым - мерейлі мекенім» атты музыкалық театрландырылған қойылымымен түрілді. Ғасырға бергісіз уақытта тарихи кезеңдерді өткерген ауданның айтулы күніне жергілікті тұрғындармен қоса Өзбекстан Республикасы Сырдария облысынан атарылтып келген делегаттар қатысты. «Ақ алтын» мәдениет үйінде өткен мерейлі мерекеге ортақтасқан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев еңбекқор мақтааралдықтарға деген ізгі тілегін жеткізді.

Түркістан облысының прокуратурасы мектеп қызметкерлеріне қосымша ақы төлетті

Түркістан облысында мектеп қызметкерлеріне еңбекақыға қосымша төлемдер берілмей келген.  Мұндай заңбұзушылықтар кезекті прокурорлық тексерулер барысында анықталған көрінеді.Түркістан облыстық прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, Сарыағаш ауданындағы мектептерде от жағатын 92 жұмысшыға 6 млн теңге көлемінде қосымша ақы төленбеген болып шыққан.

Түркістандық кәсіпорындар жаппай жалақыны өсіріп жатыр

Түркістан қаласындағы 20-дан аса кәсіпорын жұмысшыларының ең төменгі жалақысын 20 пайызға көтеретін болды. Қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімімен кәсіпорындар арасында осындай меморандум бекітілді. Бұл өндіріс орындарының арасында наубайхана, жиһаз және құрылыс материалдарын өңдейтін цех, коммуналдық салаға қажетті құбыр насосын шығаратын кәсіпорын мен мақтаны терең өңдейтін зауыт бар.

Түркістан облысы: Жетісай драма театры республикалық фестивальден оралды

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының шығармашылық ұжымы 10-14 қараша аралығында Өскемен қаласында өткізілген Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, актер, ақын Рүстем Есдаулетов атындағы кіші формадағы сахналағанған спектакльдердің ІІ республикалық театр фестиваліне қатысып қайтты.

Жетісай ауданында бес ауылға газ берілді

Жетісай ауданында бір күнде бес ауылға табиғи газ берілді. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісті. Атап айтқанда, көгілдір отынға қол жеткізген ауданның Ш.Ділдәбеков ауыл округіне қарасты Достық, Байдала, Зерделі ауылдары мен Атамекен ауылдық округіне қарасты Тыңдала және Қоғалы елдімекендері. Аймақ басшысы Достық ауылындағы газ торабын іске қосу рәсіміне қатысып, ендігі кезекте 5 мыңға жуық халқы бар бес ауыл тұрғындарының көмір тасып, күл шығармайтынын жеткізді.

Түлкібаста қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша семинар өтті

«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында «Латын негізді әліпби мен емле ережесі туралы насихат» жобасы бойынша көпшілікпен талқылау мақсатында «Тіл- Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының кеңесшісі - Оразкүл Асанғазы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы - Бекжан Әбдуалиұлы және Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессоры - Жазира Ағабекова жұмыс сапарымен Түлкібас ауданына келіп, аудан тұрғындарына семинар өткізді.

Түлкібаста бокстан облыстық турнир басталды

Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қайраткері», бокстан КСРО ІІБ бірнеше дүркін чемпионы, КСРО спорт шебері Кенебаев Шамдаулет Абжаппарұлының 80 жасқан толған мерейтойына орай Түлкібас ауданының орталығында 2004-2005 жылдары туылған жасөспірімдер арасында бокстан І-облыстық турнир бастау алды. Үш күнге жоспарланған турнирге Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Түркістан мен Шымкент қалалары, Ордабасы, Сайрам, Мақтарал және Түлкібас аудандарынан барлығы 150 жас былғары қолғап шеберлері қатысып өзара мықтыларды анықтайды.