Түркістан облысы: отырарлық шаруалар жаңа жобамен жұмыс істеуге құмбыл
«Ырыс» микроқаржы ұйымы Түркістан облысында жаңадан «Ырыс-өркендеу» бағдарламасын іске қосты. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба бойынша енді ұйым шаруаларға аванстық төлемсіз қаржылық лизинг түрінде қолдау көрсетеді. Бұл туралы «ОNTUSTIK» аймақтық инвестициялық орталығы» басқармасы төрағасының орынбасары Темур Абильдинов отырарлық шаруалармен өткен кездесуде сөз етті. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды аудан әкімдігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.