Дүйсенбі, 29 Қазан 2018 16:44

Түркістан облысы: Жолдауды насихаттау үшін сенаторлар Төлебиге ат басын бұрды

Елбасы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында Төлеби ауданына арнайы іссапармен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Асқар Бейсенбаев, Әли Бектаев, Әлімжан Құртаев сынды азаматтар келіп, аудан активімен және тұрғындармен кездесті. 

Жиын барысында сенаторлар Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарына жеке-жеке тоқталып, маңыздылығын түсіндірді. Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков ауданның тыныс-тіршілігімен таныстырып, ел жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар жалғасатынын айтты.

Осы күні сенаторлар Төлеби ауданы тұрғындарымен де жүздесті.

Жиында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев биылғы Жолдаудың халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын мәлімдеп, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасының не себептен тағы да 5 жылға ұзартылғанын түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, аталған бағдарлама өзінің өміршеңдігін дәлелдеген. Яғни бағдарламаның арқасында елімізде талай кәсіпкер несие алған. Нәтижесінде көптеген кәсіпкерлік субъектілері іске қосылып, мыңдаған жұмыс орындары ашылған.

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков Жолдаудың аудан тұрғындарына серпін беретінін жеткізді. Жиынға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, Елбасының Жолдауын үлкен ықыласпен қолдайтындықтарын және өз үлестерін қосатындарын айтты.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 738 рет