Түркістан: 545 тонна қоқыс шығарылды

Жалпыреспубликалық тазалық шарасының кезекті апталығында 13 мыңнан астам түркістандық тазалық жұмыстарына атсалысып, 545 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды. Қураған ағаштар қырқылып, саябақтар мен жол бойы, тұрғын үйлер төңірегі тазартылды.

Түркістан: Жетісай ауданының мәдениет күндері мәресіне жетті

Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Жетісай ауданының мәдениет күндері өтті. Екі күнге созылған шараны «Керуен сарай» кешенінде аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен гала-концерт қорытындылады. Салтанатты шараны Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков ашып беріп, Түркістан жұртшылығына ізгі тілектерін білдірді.

Түркістан: денсаулық нысандарының құрылысын кешіктірген мердігерлерге айыппұл салынатын болады

Түркістанда өңірінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясына 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарының құрылысы енгізілген. Осы бағыттағы жұмыстарды пысықтау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы талқыланды.

Түркістанда кітапхана саласының майталманы Бақытжамал Оспановамен кездесу өтті

Түркістанда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бакытжамал Оспановамен «Махаббатым – кітап, мамандығым – кітапханашы» тақырыбында кездесу өтті. Қазақстандық кітапханалық одақтың төрайымымен кездесуге облыс кітапханашылары қатысты.

«Таза Қазақстан»: Сайрамда жалпыаудандық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Айналаның тазалығына атсалысу – туған жерге деген сүйіспеншілік болып саналады. Осы орайда, қоршаған ортаны қорғау, оның экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сайрам ауданында санитарлық тазалық жұмыстары атқарылды.

Түркістан облысы: Арыс қаласында Конституция күніне орай сенбілік ұйымдастырылды

Мемлекеттік мереке қарсаңында арыстықтар қолдарына кетпен пен күрек ұстап қала көшелеріне сенбілікке шықты. Аталмыш сенбілікте әр сектор өздеріне тиесілі аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды шығарып, арамшөптерді отады.