Шымкент: Әл-Фарабиліктер ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100 пайыз қамтылған

Әл-Фараби ауданының аумағы 19 880 га жерді құрайды, халық саны жалпы 234 857 адам. Аудан аумағында 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген, 16 633 жеке үй, 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш және 12 субұрқақ бар. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Тажибаев Марат Абдимажидұлы баяндады.

Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан, инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100% қамтылған. Аудан аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үйлер 623 аулаға біріктірілген. 

 «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша 2024 жылы 70 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 1 млрд 717 млн. 971 мың 510 тг қаржы қаралған. 

Халық қатысатын бюджет жобасы шеңберінде балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату жұмыстары 2024 жылдың соңында 78,3%-ға, 2025-26 жылы 100%-ға жетуді жоспарлауда.

Айта кетейік, аудан тұрғындарының  көшелер мен жолдардағы қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы 118 көшені жарықтандыру жоспарланған.  Сәйкесінше, биылғы жылдың қорытындысымен жарықтандырылатын көше саны 242-ні құрап, әлеуметтік маңызы бар нысандар толық қамтылады.

Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлер аулалары мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және  бейберекет қоқыс тастау мәселесін алдын алу мақсатында цифрландыру басқармасы тарапынан 114 бейнекамера орнату жоспарлануда. Аталған бейнекамералар полиция департаментінің жедел басқару орталығына жалғану жұмыстары да жүргізілетін болады. 

 

Түркістан облысында 6 айда 60 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына тартылған

Бүгін Түркістанда халықты жұмыспен қамту және жұмыс орындарын құру, аз қамтылған отбасылар санын азайтып, кәсіпке баулу мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Жиынға жұмыспен қамту басқармасының басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Баяндамалар мен есептер тыңдалды. Халықты жұмыспен қамту саласындағы өзекті мәселелер мен кедейлік көрсеткішін төмендету шаралары кеңінен талқыланған жиналыста облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де ширата түсу керектігін ескертті.

Дархан сатыбалды Бейжіңде іскер топ өкілдерімен келіссөздер жүргізді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасындағы жұмыс сапары аясында 20-дан астам меморандумға қол қойылып, маңызды келіссөздер жүргіізілді. Облыс әкімі Бейжің қаласының іскер топтарының өкілдерімен G2B форматта маңызды кездесулер өткізді. Онда құрылыс, ауыл шаруашылығы, өндіріс, жиһаз өнеркәсібі және басқа да салалар бойынша екіжақты ынтымақтастық талқыланды.

Шардара ауданында «Ауыл аманаты» жобасы аясында балық шаруашылығы дамып келеді

Мемлекет тарапынан акваөсіруді субсидиялау балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде. Облыста жасанды жолмен балық өсіру саласының әлеуеті өте жоғары. Түркістан облысы бойынша тауарлы балық өсірумен 224 кәсіпкерлік субъектісі айналысады.

Министр Түркістан облысындағы су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын оң бағалады

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Министр Сауран ауданы, Ескі Иқан ауыл округінде ағын су тұтынушы шаруалармен кездесті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өңірде су үнемде технологияларын енгізу бағытындағы жұмыстарды баяндады.

Вьетнамдық инвестор Түркістан облысымен әріптестік орнатуға ниетті екенін білдірді

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Вьетнам елінен арнайы келген «Sovico Group» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде әріптестік орнату бағыттары жан-жақты талқыланды.

Түркістан облысы: Созақтағы ірі кәсіпорындардың ел экономикасының дамуына қосып отырған үлесі орасан

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Созақ ауданына жұмыс сапары барысында «Қазатомөнеркәсіп-Сауран» өнім шығаратын зауытында болды. Кәсіпорын табиғи уран өндірумен, уранның шала тотығы және табиғи уранның химиялық концентратына дейінгі өңдеуді жүзеге асырады. 2006 жылы құрылған кәсіпорында 1 мыңнан астам адам қызмет етеді. Олардың 95%-ы – Созақ ауданының жергілікті тұрғындары. Облыс әкімі кәсіпорын басшылығымен бірқатар маңызды мәселені талқылады.

Түркістан: Дархан Сатыбалды «Жайлы мектептің» құрылысын қадағалады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бәйдібек ауданынына жұмыс сапарында Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы 300 орындық мектептің құрылысын қадағалады. «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектептің тапсырыс берушісі – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ы. Құрылысты «Тамыз құрылыс ББК» ЖШС мекемесі жүргізуде.

Шымкентте жол сапасын жақсарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шымкент қаласында жол сапасын жақсарту және тұрғындардың көлік қатынастарын жеңілдету мақсатында 300 көшеде жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Қазіргі уақытта қала аумағындағы көшелердің шұңқырлары жамалып, күтіп ұстау жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, бригадалар бірінші кезекте көліктердің қауіпсіздігіне әсер ететін орталық магистрал және ішкі орам көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, жол қозғалысына қолайлы болу үшін жоспарланған 400 қалқымалы қақпақшаның жартысынан астамы орнатылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар Еңбекші ауданында 60-тан астам көшеде атқарылды. Қаратау ауданындағы Қайтпас және Бозарық елдімекендерінде, Абай ауданындағы Достық, Самал-2,3 елдімекендерінде және Әл-Фараби ауданының Сәуле елдімекенінде жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Тұран ауданының Қазығұрт елдімекенінде 20-дан астам көше жөндеуден өтті. Бұл көшелердің қатарында Оңдасынов, Жандарбеков, Мақталы, Отырар, Ақжар, Мамина-Сибиряка, Алтын сақа, Үсенов, Қожанова және басқа да көшелер бар.

Алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың өтініштері бойынша жөндеу жұмыстары жалғасатын болады. Бұл шаралар қаланың инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол жөндеу жұмыстары қаланың көлік инфрақұрылымын жаңартып, тұрғындарға ыңғайлы және қауіпсіз жол қатынасын қамтамасыз етуге зор үлес қосады. Жолдардың сапасын арттыру және инфрақұрылымды жақсарту қаланың дамуына үлкен әсер етеді, әрі тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырады. Жол жөндеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, қала тұрғындарының сұраныстары мен қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

 

Шымкентте бірқатар көліктердің бағыттары жаңартылады

Шымкент қаласының қоғамдық көлік жүйесін жақсарту мақсатында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен өтініштер қала әкімінің жеке қабылдауларында және азаматтармен кездесулерде көтерілген болатын.

 Осыған орай, кезекті тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссияның отырысында бірқатар маңызды ұсыныстар талқыланды.

№16 автобус маршрутының сызбасы: 276 орамдағы Тұрсынбайұлы көшесі тұрғындарының өтініштеріне сәйкес ұзартылды.

№66 автобус маршрутының сызбасы: Тұран шағын ауданы Қазтуған жырау көшесі арқылы ұйымдастырылды.

№71 автобус маршрутының сызбасы: Аймауытов көшесі арқылы оңтайландырылды.

№70 автобус маршрутының сызбасы: Тұрғындардың өтініштеріне сәйкес Бөлешов көшесінен 600 метрге ұзартылды.

№69 автобус маршрутының кестесі: Жұмыс күндері 13 автобус, демалыс және мереке күндері 10 қоғамдық көлік жолаушыларды тасымалдайды.

№139 автобус маршрутының сызбасы: Сайрам елдімекенінің орталығы Ю.Сареми көшесінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша өзгертілді.

Бұл өзгерістер қала тұрғындарының күнделікті өмірін жеңілдетуге және көлік қатынастарын жақсартуға бағытталған. Қоғамдық көлік бағыттарының жаңартылуы тұрғындардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне сәйкес жасалды және олардың қоғамдық көлікке деген сенімін арттырады деп күтілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қоғамдық көлік бағыттарының жаңартылуы қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және қаланың көлік инфрақұрылымын жақсартуға зор үлес қосады.

Бүгінгі танда маршруттар толығымен қызмет көрсетуде, қала аумағындағы сонымен қатар, шет аймақтарда орналасқан  барлық шағын аудандар мен тұрғын алаптар қоғамдық көлікпен 100% қамтылған.

Қазіргі уақытта күнделікті 916 автобус және 11 тасымалдаушы компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді. 2024 жылғы 5 айда тасымалданған жолаушы саны – 36 738 679 құрайды. Сонымен қатар, жалпы автобустар саны резервпен қоса – 1140 болса, оның 640-ы газ метанмен, 464-і дизельмен және 36-сы бензинмен жүреді.