Түркістан облысы: "Нұр Отан" партиясы Кентау қалалық филиалының конференциясы өтті
Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының кіші мәжіліс залында "Нұр Отан" партиясы Кентау қалалық филиалының ХХХV конференциясы өтті. Конференцияның күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі, «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалының Саяси кеңесін сайлау туралы, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының XXХV конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қойылды.
- Бөлім:  Билік және саясат
- 0