Сенбі, 16 Қараша 2024 19:28

Шығармашыл шымкенттік оқушылар "Ақберен" өнер байқауынан жүлдемен оралды

2024 жылғы 13-15 қараша күндері Астана қаласында шығармашыл оқушылар арасындағы республикалық "Ақберен" өнер байқауының республикалық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты: 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарынынын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.

Байқау 6 номинациядан тұрады:

1. «Шешендік, білгірлік сайысы»;

2. «Көркемсөз оқу»;

3. «Эссе жазу»;

4. «Ұлттық аспапта өнер көрсету»;

5. «Ақындар айтысы»;

6. «Ақындар мүшәйрасы».

Шығармашыл оқушылар арасындағы республикалық "Ақберен" өнер байқауының республикалық кезеңіне төмендегі оқушылар қатысты:

1. "Шешендік, білгірлік сайысы" номинациясы бойынша Д.А. Қонаев атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сайлау Асылым;

2. "Көркемсөз оқу" номинациясы бойынша №106 "Қайнарбұлақ" жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Медеухан Нұрасыл;

3. "Эссе жазу" номинациясы бойынша №132 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Куралбек Лаура;

4. "Ұлттық аспапта өнер көрсету" номинациясы бойынша Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Байданов Батырхан;

5. "Ақындар айтысы" номинациясы бойынша №137 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Мажит Аятулла;

6. "Ақындар мүшәйрасы" номинациясы бойынша №1Talant жалпы білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Ибрагим Ақзере.

Байқау нәтижесі бойынша:

I орын - №132 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Куралбек Лаура;

III орын - Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Байданов Батырхан;

III орын - №1Talant жалпы білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Ибрагим Ақзере.

Оқушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Оқылды 24 рет