Түркістан облысы: Шардарада қол күресшілерге ескерткіш орнатылды
Шардаралық спортшылар аудан орталығынан «Чемпиондар аллеясын» ашып, ортасына қол күресшілердің ескерткішін орнатты. Себебі ауданда армспорт түрі жақсы дамыған.
Шардаралық спортшылар аудан орталығынан «Чемпиондар аллеясын» ашып, ортасына қол күресшілердің ескерткішін орнатты. Себебі ауданда армспорт түрі жақсы дамыған.
Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 40-қа жуық мүшелері «Ынтымақ шеруі» жобасы аясында Түркістан облысына және Шымкент қаласына келді. Құрамында ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, ғалымдар, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері және журналистер енген жетісулық делегацияны кеше Түркістандықтар ерекше ықыласпен қарсы алып, Отырар ауданындағы және Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени орындарымен таныстырды.
16 қазан күні Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалы және Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы сондай-ақ Келес ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институтционалдық реформаны жүзеге асыру жөнінде «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 80 қадамын, ҚР Президентінің 10.01.2018 жылғы Қазақстан халқына жолдауының 7 бағытында көрсетілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайлы өзекті мәселелер, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу жайлы жиын өтті.
«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім Орталықтары» партиялық жобасы аясында, Қазығұрт ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ауданның қақ ортасында орналасқан Қ.Өміралиев атындағы аудандық орталық кітапхана базасында, Қазығұрт ауданында алғаш болып коворкинг орталығы ашылды.