Super User

Super User

Түркістан облысы: әрбір өтініш сапалы әрі мерзмінде орындалуы тиіс

Тұрғындардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару, кері байланыс орнату, ашықтық, диалогқа дайын болу – мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдығының бірі. Түркістан облысында тұрғындармен кері байланыс, қоғаммен ашық қарым-қатынас жасау жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Облыс әкімі аппараты тұрақты түрде қала, аудан әкімдері апрарат басшылары, тұрғындар тарапынан түскен өтініштермен жұмыс істейтін бөлім басшыларының қатысуымен жиындар, семинар-кеңестер өткізіп тұрады. Азаматтардың өтініштерінің қаралуы мен мерзімінің сақталуына тұрақты түрде талдау жасалады.

Шымкентте Ұландықтар есірткі тасымалдаушыларды ұстады

«Шымкентте ұландықтар түзеу мекемесінің аумағына есірткі тасымалдауға тырысқан ер адамдарды ұстады»,-деп хабарлайды ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Түркістан облысындағы мектептерде биыл 1-сыныпқа 52 593 бала қабылданып отыр

Бүгін Білім күніне орай Түркістан облысының барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-ші және 11-сынып оқушыларының қатысуымен «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбындағы салтанатты шара ұйымдастырылды.

Түркістан облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Конституция күні және жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан облысында тағы бір жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оқу жылына орай өңірде 4 жаңа білім ұясы ашылады. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы Көкібел елді мекенінде бүгін Сабыр Рақымов атындағы 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. Тұрғындарды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтауға арнайы келген облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауыл тұрғындарымен кездесті.

Осы RSS каналға жазылу