Super User

Super User

Түркістанда ашық аспан астындағы амфитеатр ашылды

Конституция күні қарсаңында заманауи үлгідегі көпфункционалды ашық аспан астындағы амфитеатр ашылды. Ашылу салтанатында қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары шаһардағы белсенді жастармен кездесті.

Жиында сөз алған қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жастардың үлкен күш екенін атап өтті. Дегенмен соңғы уақытта жастар арасында алаяқтық пен құқықбұзушылық көрсеткіштерінің әлі де көңіл көншітпейтінін, ал шындығында жастарды шыңдайтын тәрбиенің төресі еңбек екенін айтып, тау қопарып, тас жаратын қайратты жастар мемлекеттің келешегі екенін жеткізді. Шарада облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов пен мәдениет саласының ардагері Ұлжалғас Мұстафаева сөз сөйлеп, бүгіннің заманның басты талабы білім екенін атап өтіп, дарынды жастарды қолдауды арттыру қажеттігін, ал жастарда сол қолдауға лайықты талпыныс болу керектігін жеткізді.

Алқалы жиында Түркістандағы «Меймандостық және туризм университетінің» алғашқы түлектерінің бірі Гүлім Қалдаяқ туризм саласындағы жастардың рөлі туралы ойын айтса, белсенді мобилограф Бақжан Мырзақұл жастар орталығында замандастарына мобилография шеберлігін үйретуге ниетті екенін жеткізді. «Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің» мұғалімі Бақытжан Дүкенбай қала жастары атынан алғысын айтып, жастар орталығы жас буынды шыңдайтын қара шаңыраққа айнала берсін деген жылы лебізін білдірді. Жиын соңында әкім жастармен естелік суретке түсті. Жалпы Түркістан қаласында 71486 жас бар. Оның 10574-і жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттер үлесінде. Орта арнаулы оқу орындарында 6743 студент білім алады.

 «WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

 

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды даму үстінде

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы республикада көш бастады. Салаға инвестиция тартылып, 1,5 есеге өсті. Ал 2024 жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы саласының көлемі 308,3 млрд. теңгені құрап, 106,2% деңгейінде қалыптасты.

Түркістан облысы: екі жылда 144 мың халық тұратын 54 елді мекен газбен қамтылды

Түркістан облысында соңғы 10 жыл аралығында құрылысы жүргізіліп, іске қосылмаған 46 табиғи газ нысаны бар болатын. Оның ішінде 40 елді мекен, 2 көше, 2 автоматты газ тарату станциясы бар. Өткен жылдың қорытындысымен оның 44-і іске қосылды.

Түркістаннан «Бірлік керуені» Астанаға аттанды

Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осыған байланысты Түркістан облысынан «Бірлік керуені» жобасы ұйымдастырылып, түркістандық керуен елордаға жолға шықты.

Осы RSS каналға жазылу