Шымкент: Конституция күні қарсаңында тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдық мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында «Премьера» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шымкент: «Еңбек» бағдарламасымен 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасқан

Шымкент қаласында жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды. Оның 279-ы тұрақты жұмысқа орналасқан болса, 12-і әлеуметтік жұмысқа, 190 азамат қоғамдық жұмыстарға, 80 азамат инфрақұрылымдық жұмысқа жіберілген, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Шымкентте «Бастау бизнес» бойынша 3500-ден астам адам оқудан өтті

Шымкент қаласының 3549 тұрғыны «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін меңгеру бойынша оқытудан өтті. Оның 2820-на оқуды аяқтағаны туралы сертификат берілсе, 729-на қатысқаны туралы сертификат табысталды.

Шымкентте 2 мыңға жуық адам «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа тартылған

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт-Тоқаевтың тапсырмасына орай, Шымкенттегі жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін жаңа жұмыс орындарын құруда «Жұмыспен қамту 2020» жол картасының іске асырылуы оң нәтиже беріп жатыр, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Шымкент: Әл-Фараби ауданында абаттандыру жұмыстары қарқын алған

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұловтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Ғабит Патшаханұлы аудандағы 7 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, оның ішінде абаттандыру жұмыстарына тоқталды.