Шымкентте рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің санитарлық сапасына моноторинг жүргізілді

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаев және БАҚ өкілдерінен құралған мониторингтік топ қаладағы «Самал», «Айна» базары мен «Мега планет», «ЦУМ», «Шымкент плаза» сауда орталықтарын аралап, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарының сапасына тексеру жұмыстарын жүргізді.

Шымкент: Биыл шаһарға 1500-ге жуық қоқыс жәшігі алынады

«Шымкентте жеке тұрғын үйлер аумағына қоқыс тастайтын жаңа металл жәшіктер орнатылатын болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үшін және қоршаған ортаның экологиялық тазалығын арттыру мақсатында осы жылы 1474 контейнер сатып алынбақ. Бұл туралы қала әкімінің төрағалығымен өткен жиында энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а. Нұрлан Жаманкөз мәлім етті», - деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. 

Шымкент: Коммуналдық төлемге өтінім білдіргендер саны 30 мыңнан асты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын. 

Шымкент: қаланың оңтүстік қақпасы мен Республика даңғылында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің оңтүстігінен кіреберісіндегі көпірдің қасбетін өзгерту мәселесін мамандармен талқылады. Сонымен қатар, Республика даңғылы бойында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын қарап шықты. Қазіргі таңда мұнда әрлеу және жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Шымкент: әлеуметтік төлем тағайындауға өтініштерді қайта қабылдау аяқталды

Елімізде төтенше жағдай режимінің тоқтатылуына байланысты 2020 жылғы 11 мамыр күні сағат 18.00-ден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан табысынан айырылғандарға төленетін 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем тағайындауға жаңадан өтініштерді қабылдау аяқталды.