Шымкент: Достық шағынауданындағы қоғамдық көлік мәселесі жаңа автобустар есебінен шешілуі мүмкін

Бұған салаға жауаптылардың өздері де алаңдаулы. Себебі қазір аталған шағынауданның тұрғындарын тасымалдайтын 17 б бағытындағы автобустың екеуі ғана жолда жүр. Ал қалғандарының әбден тозығы жеткен. 

Шымкенттегі Қонаев даңғылын ұзарту жұмыстары тоқтаған жоқ

Шымкент қаласындағы ең үлкен көшелердің бірі болып табылатын Қонаев даңғылының ұзартылатынын бұған дейін де жазған болатынбыз. Осының бастауы ретінде Түркістан моншасы бұзылып, ары қарайғы жұмыстар жүргізіле бастаған-ды. Алайда, даңғылды ұзарту жұмыстары тоқтатылыпты дейтін қауесет тараған болатын. Десе де, қала билігі бұл қауесеттің шындыққа сай келмейтінін айтып, Қонаев даңғылын ұзарту бойынша жұмыстардың жалғасып жатқандығын айтуда.

Шымкентте балабақшамен қамту 87 пайызды құрайды

Республикалық қала мәртебесін алған Шымкентте мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамту 87 пайызға жетіп отыр. Сала мамандарының айтуынша, бұған «Балапан» бағдарламасы аясында қол жеткізіліпті. 

Шымкентте аз қамтылған отбасының балаларына қамқорлық жасалды

«Нұр Отан» партиясы мұрындық болған аталмыш акция Астананың 20 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған болатын. Қайырымды жандар 9 жеткіншекке киім-кешек пен түрлі ойыншықтар жәнемектеп құрал-жабдықтарын сыйлап, балаларды қуанышқа бөледі.