Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімдігі қайырымдылық акциясын өткізді

Қалыптасқан дəстүр бойынша Шымкент қаласы Қаратау ауданы əкімінің аппараты жыл сайын оқу жылы басталар алдын мүгедек балалар, жетім балалар мен көпбалалы отбасы балаларына арналған акция өткізеді. Аталған акция биыл да өз жалғасын тауып отыр.

Шымкентте жол бойындағы тозығы жеткен шамдар ауыстырылуда

Шымкент қаласында тозығы жеткен, ақауы бар шамдар мен сынған шыны әйнектер ауыстырылып жатыр. Бұл бойынша шағымдар азаматтардан Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырған «Біздің жұмысымызға шағым жасаңыз» акциясы аясында келіп түскен.

Шымкентте қалалық төтенше жағдай бойынша комиссияның отырысы болып өтті

Шымкент қаласындағы Қазанғап ақын көшесіндегі үйдегі 8 пəтердің төртеуіндегі қабырғада ені 10 см жарық пайда болған. Қазіргі таңға дейін бұл пəтерлерде 11 адам тұрып келген екен. Осыған орай үйге тиісті сала мамандары зерттеу жасаған. Тексерудің қорытындысы Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Н.Ергешбектің төрағалығымен өткен төтенше жағдай бойынша қалалық комиссияның шұғыл отырысында талқыланды.

Шымкент қаласындағы тұрғын үйлерге жылу есептегіш құралдары орнатылып жатыр

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерге жылу энергиясын үнемдеу мақсатында жылу есептегіш құралдарының тиімділігі жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Шымкенттегі отын базалары көмір қабылдай бастады

Шымкентте қысқа дайындық басталып кетті. Қазірдің өзінде қаладағы отын базаларының бірі көмір қабылдауды бастады. Күн сайын мұнда 3-5 вагон қатты отын қабылдауда. Көмірдің бағасы сапасына қарай 9,5 мың тегеден 14600 теңгеге дейін сатылуда.

Шымкентте «Харекет» қайрымдылық қоры үшінші баспананы табыстады

Үй 11 баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты анаға берілді. Мұқтаж жандар 20 жылдар бері қалада әркімнің босағасын паналап келген. Күтпеген жерден мол қуанышқа кенелген Асанбаевтар отбасы жомарт жандарға шексіз алғыс айтуда.

Шымкент қаласы әкімдігі аналардың үзілген үмітін жалғамақ

Әлеуметтік тұрғыдан қиын жағдайға тап болған және тұрақты табысы жоқ, балалары қолына қараған аналарға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов лайықты қолдау көрсетуді ұсынды.Яғни олардың белгілі бір кәсіби мамандықтар бойынша білімін жетілдіруіне және өз ісін ашу үшін жеңілдікпен несие алуына жәрдем көрсетілмек. 

«Біздің жұмысымызды бағалаңыз» акциясы аясында Шымкент әкімдігіне 10 мыңға жуық шағым түскен

Таяуда Шымкентте «Біздің жұмысымызды бағалаңыз» акциясы ұйымдастырылғаны белгілі. Акцияның мақсаты әрбір сала жұмысындағы ең өзекті мәселелерді анықтау болатын. Сауалнаманың қорытындысы бойынша, жол картасы, яғни, азаматтардың өтініштері бойынша түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған әкімдік әрекетінің жоспары дайындалмақ.