Түркістан облысы: Түлкібастың алмасы ауданның брендіне айналады

Кеңес дәуірінде Одаққа танымал болған Түлкібас ауданының алмасы соңғы жылдары қайта жандануда. Қазіргі таңда алманы осы өңірдің брендіне айналдыру мақсатында алма бақтарында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Түркістанда жыл соңына дейін 700 отбасы баспаналы болады

Облыс орталығы Түркістанда жыл соңына дейін 700 отбасы баспаналы болады. Бүгінде шаһарда азаматтарды баспанамен қамту шаралары қарқынды түрде жүзеге асуда. Ол үшін осы жылдың екінші жарытысында қазынадан 6 млрд. теңгеден астам қаржы қаралып, 11 үйдің құрылысы басталған. Одан бөлек қала аумағынан 10 пәтерлі қызметтік 4 үй салынуда. 

Түркістанда ретсіз сауда орындарын көшіру жұмыстары басталды

Бүгінде қаланың жаңа статусына орай алғышарттар жасалып, Түркістанның алдағы уақыттағы даму бағыттары мен шаһардың осы заманғы жаңа келбетін қалыптастырудың тетіктері қолға алынуда. Қонақтар мен туристер ең алдымен шаһардың сәулеті мен көркіне көз тігетіні сөзсіз. Сондықтан басты жұмыстар қаланың келбетіне сын келтіретін бейберекет сауда орындары мен көпшілік көп баратын орталық "Қуаныш" базарының маңындағы ретсіз сауда орындарын талапқа сай ретке келтіру болып отыр. 

Түркістан облысы: Төлеби ауданында «ХХI- ғасырдың үздік зияткер имамы» атты семинар өтті

Сейсенбі күні Төлеби аудандық «Нұр» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «ХХI- ғасырдың үздік зияткер имамы» атты семинар өтті.

Мақтааралда құрылысшылар күні аталып өтті

12 тамыз – Құрылысшылар күні Мақтаарал ауданында салтанатты түрде аталып өтті. Аудан әкімі Бақыт Асанов ауданның ардагер құрылысшылары мен қызметте жүрген құрылысшылардың басын қосып, ақ дастархан жайды. 

Түркістан облысы: Наурызбай қажы Өтпенов Құрабан айт мерекесінің ерекшелігін түсіндірді

Түркістан өңірлік коммунакиялар қызметінде Құрабан айт мерекесіне дайындық барысы, осы мейрамның мән-мағынасы мен ерекшелігін түсіндіру бағытында баспасөз мәслихаты өтті. Жиында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай қажы Өтпенов бұл мерекеде құрбандық шалу мұсылман үшін уәжіп екенін жеткізді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.