Созақ ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында 783 жас тұрақты жұмыспен қамтылған

Созақ ауданында жастарды жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін тауып келеді. Кәсіпкерлерге де қолдау көп. Дипломмен ауылға көшіп келіп жатқан өрендердің де саны арта түскен. Осы және өзге де жетістіктер «Жастар күні» мерекесі барысында айтылды. Атаулы күнде өз саласында үздік атанғандар марапат биігінен көрінді.

Түркістан: Шардара ауданында тағы бір үшем дүниеге келді

Шардара ауданында соңғы онжылдықта төртінші отбасында үшем өмірге келіп отыр. Ал, осы Шардара ауданы Көксу ауылында екінші отбасында үшем туылды. Бұған дейін екі ұл, екі қызды дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған үшемдердің анасы Мейрамкүл Мамбетова 1987-жылы туылған.

Түркістан облысы: Арыс қаласындағы 15-ші секторда жұмыс қызып тұр

Арыс - алып құрылыс алаңына айналды. 15-ші секторға бекітілген Алматы облысы мен Бәйдібек ауданының аумағында 812 үй бар. Оның 90 пайызы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Бір үй өртеніп, тағы біреуі апатты деп танылған. Бүгінде сол үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде .

Түркістан: Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі өңір тұрғындарын қабылдап, мәселелерімен танысты

Бүгінде облыс тұрғындарын заңсыз жер берілуі, қараусыз қалған ауыл ахуалы мен жауапсыз қалған арыз-шағымдар мәселесі мазалайтын көрінеді. Осындай мәселелермен танысу үшін Түркістан  облыстық Әдеп жөніндегі Кеңес мүшесі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысы бойынша тілшісі  Ғалымжан Елшібаев өңір тұрғындары арасында жеке қабылдау өткізді.

Жетісай ауданында 9 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған

Жетісай ауданында жыл басынан бері 9 мыңға тарта отбасы әлеуметтік көмек алған. Олардың ішінде 2471 отбасы сәуір айында Елбасы тапсырмасымен тағайындалған бала басына берілетін 21 мың теңгеге қол жеткізіпті. Еңбекқор аймақ халқының көбі алған қаражатты бірден басқаға жаратпай кәсіп ашуға жұмсаған көрінеді.

Шардарада атаулы әлеуметтік көмектің арқасында кәсіп ашқандардың қатары көбейіп келеді

Шардарада атаулы әлеуметтік көмектің шартты түрін алып, шаруасын ашқандардың қатары күн санап артып келе жатыр. Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға мемлекеттен берілетін атаулы әлеуметтік көмек көптеген жандардың өз кәсібін ашып, жұмыссыздықты жоюда үлкен рөл атқаруда. Шардара ауданында бұл бағытта атқарылып жатқан ілкімді істер аз емес.

Түркістан: «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша түлкібастық жастар белсенді жұмыс істеп жатыр

Елбасымыз «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Бұл бағытта Түлкібас ауданының жастары белсенді жұмыс атқаруда. Бос уақыттарын тиімді өткізіп, кешенді бағдарламаның жүзеге асуына септігін тигізіп отыр.