Түркістан облысы: арыстықтар үйлеріне оралды

Арыс қаласының тұрғындары бүгін, яғни 28 маусым күні таңғы 8.00-де қалаға кіргізіле бастады. 4 күн бойы Шымкент қаласы мен облыстың өзге де аудандарындағы эвакуациялық орталықтарда күн кешкен тұрғындар ұйымдасқан түрде автобус колонналарымен туған жерлеріне оралды.

Түркістан облысы: Келестік шаруалар ағын судан тапшылық көрмейді.

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев тиісті сала басшыларымен бірге аудандағы ағын су мәселесіне шешу жолында істелініп жатқан жұмыстардың барысымен танысу мақсатында «Келес ауданының су шаруашылығы» МКК тиесілі каналдар мен қашыртқыларды аралап көрді. 

Түркістан: Өмірзақ Шөкеев арыстықтарды 28 маусым күні таңертең үйлеріне кіргізу басталатынын айтты

Арыс қаласының тұрғындарын ертең, яғни, 28 маусымда, таңғы 8.00-де қалаға кіргізу басталады. Бұл туралы бүгін Түркістан облысында құрылған штабтағы баспасөз мәслихатында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Өңір басшысы Арыс қаласы мен әскери қоймада оқ-дәрілерді тазалау және қаланы дезинфекциялау шаралары аяқталғанын, қауіп бұлты толық сейілгенін мәлімдеді.

Түркістан облысы: еріктілер Арыстағы иесіз қалған үй жануарларына жанашырлық танытты

 26 маусым күні жануарларды қорғаумен айналысатын белсенділер,  Түркістан облысы Арыс қаласына арнайы барды.  Нан-суын көтерген олар Шымкенттен келген. Негізгі мақсаттары – үй ауласында қамалып қалған төрт аяқтыларды аман алып қалу. Еріктілер өздерімен бірге алып келген ыдыстарға суларды толтыра құйып,  көше қиылыстары мен әр бір үйдің қақпасына қойып кетіп жатты. 

Түркістан: арыстықтарға арналған гуманитарлық жүктерді қабылдау тәулік бойы жүргізіліп жатыр

Арыс халқының басына түскен қиын жағдайға алаңдаушылық білдірген ел азаматтары барынша көмек қолын созуда. Оған еліміздің өзге өңірлерінен келіп жатқан гуманитарлық көмек заттары дәлел. Қазіргі таңда Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Алматыдағы отандастарымыздың жіберген түрлі материалдық заттары Шымкент қаласы, Ынтымақ шағынауданындағы сауда-логистикалық орталығы мен «Нұрсәт» шағынауданындағы «Көрме» орталығына жеткізілген.

Түркістан облысы: Арыста өрт толық сөндірілді

Бүгін Түркістан облысында құрылған жедел штабта Арыстағы төтенше жағдайдан кейінгі атқарылған жұмыстар және қаланың қазіргі жай-күйі жөнінде баспасөз мәслихаты өткізілді. Өңірлік және республикалық БАҚ өкілдері қатысқан жиында  ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Арыс қаласында өрт сөндірілгенін мәлімдеді.

Түркістан облысы: Ө.Шөкеев арыстық тұрғындар апта соңында үйлеріне оралатынын айтты

Бүгін Түркістан облысы, Ақжол ауылы, Жамбыл атындағы орта мектепте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен баспасөз-мәслихаты өткізілді. Жиынға облыс әкімімен қатар ««Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев, ТЖД өкілі, Қазақстан Республикасының Бас санитар-дәрігері Жандарбек Бекшин, облыс прокуроры, аймақтық ветеринарлық инспеция өкілі қатысты. Өңір басшысы елді мазалаған өткір әрі өзекті сұрақтарға жауап беріп, Арыстағы жағдай тұрақталып, қауіптің беті сейілгенін мәлімдеді.