Түркістан облысында биыл 1000 шақырымға жуық жол жөнделіп, пайдалануға беріледі

Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 18 118,0 шақырымды құрайды. 2018 жылы жолдардың құрылыс жұмыстарына бюджеттен 26 332,5 млн. теңге қаралып, 437 нысан немесе 1 421,4 шақырым жолдар мен көшелер, 10 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Биыл оның 417 нысаны немесе 994,7 шақырым пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.

Жетісай ауданында ағын су тапшылығының алдын алу шаралары күшейтілуде

 

Соңғы бір аптада Жетісай ауданында ағын су тапшылығы сезіле бастады. Қазіргі таңда көршілес Өзбекстан Республикасынан «Достық» каналына секундына небәрі 51,45 текше метр су жіберілуде. Бұдан бөлек, «МАШ» каналға Сырдария өзенінен машиналық насостық станция көмегімен секундына 27,50 текше метр ағын су тартылуда. Бұл көлем мақташылардың ағын суға деген сұранысын толық қанағаттандыра алмайды. Осы түйткілдің түйінін тарқату мақсатында Жетісай ауданының әкімдігі Қарағанды облысынан арнайы канал тазалағыш «Драглайн» жылжымалы техникасын алдыртып, «МАШ» канал ұлтанын тазарту жұмыстарын бастап жіберді.

Түркістан облысында жаңа теміржол бағыттары іске қосылады

Жыл соңына дейін «Түркістан-Бадам» және «Түркістан-Сарыағаш» жаңа теміржол бағыттары іске қосылады. Бұл шаруалар Шымкент қаласы республикалық статус алуына және Түркістан облысының құрылуына байланысты атқарылып отыр. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт Өңірлік коммуникациялар қазметінде өткен баспасөз жиында мәлімдеді. Оның сөзінше, жалпы облыста 2018 жылдың 6 айында 577,6 млн. жолаушы тасымалданған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6%-ға жоғары.

Бәйдібек ауданында 20 тұрғын үй пайдалануға берілді

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 55 гектар жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы аяқталды. Аталған жер телімдері Шаян ауылдық округінде кезекте тұрған 326 тұрғынға беріледі. Бұл жер телімдерінде автожол, аяқ жол төселіп, суағарлар мен электр бағаналары және ауыз су жүйесі орнатылған. Яғни, тұрғындарға жағдай жасалған.

Мақтааралда өткен сенбілікке 5 мыңнан аса адам қатысты

Мақтааралда аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен басталған сенбілік жалғасын тапты. Аудандағы әрбір үйге хабарлама беру мен үгіт-насихаттың арқасында барынша ауқымы кеңейген сенбілікке 5 мыңнан аса адам қатысты. 

Түркістан облысында 6 айда 202 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген

Түркістан облысында биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы - 202 мың шаршы метрді құрапты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға артық көрсеткіш. Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков айтып берді.

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында көшелері жарықтандырылыған ауылдардың саны артып келеді

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында бағаналар орнатылып, көшелері жарықтандырылған елді мекендер саны артып келеді. Бүгінде ондағы Борлысай ауылдық округіне қарасты Ақтас, Қошқарата және Кеңсай елді мекендерінің көше шамдары жарқырап, түн көрінісі тиісті талаптарға сәйкестендірілген.