Дүйсенбі, 22 Қазан 2018 22:18

Түркістан облысы: Энергетика министрлігінің департамент директоры Келес ауданында болды

18 қазанда Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Елбасының халыққа арналған "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Әкімшілік жұмысы департаменті директоры Әшімбаев Өмірсерік Үстетайұлы арнайы келіп, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. 

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев ашып, жүргізіп отырды. Келелі басқосуға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Полатбеков Бақытжан Әнуарбекұлы, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, әлеуметтік сала мекемелерінің қызметкерлері қатысып, тараптар белсенді түрде Жолдау аясында баяндамалар жасады. Атап өтерлік жайт, кездесу барысында Жолдауда көрсетілген басым бағыттарды жүзеге асыру бойынша аудан тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға ақпараттық-насихаттық топ мүшелері барыншы тұщымды, тиісті жауаптарын берді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 672 рет