Жексенбі, 19 Мамыр 2024 16:30

Түркістан: Премьер-Министрдің орынбасары облыстағы фитосанитариялық жағдаймен танысты

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Түркістан облысына келді. С.Жұманғарин жер-жерлердегі фитосанитариялық жағдаймен, әсіресе табын шегірткесінің таралу қаупі бар аудандарда болып, сондай-ақ облыстағы егістіктердің жай-күйін бағамдады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы негізінде Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы вице-министрлері жаппай егіс науқаны кезінде өңірлерді аралауды бастады.

15 мамырда Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы жаппай егіс науқанының басталауына қатысып, көктемгі дала жұмыстарының барысын тексерді. 18 мамырда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қарағанды облысына барып, шаруалармен кездесіп, егіс жұмыстарының қарқынын көрді. Министр ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тікелей жеңілдетілген несиелендіру құралдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, министр егіс науқанына тыңайтқыштарды жөнелту шараларын бақылады.

Ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаров бүгінде Қазақстанның негізгі астық егетін облыстарының бірі - Қостанай облысында, онда саланың негізгі проблемалық мәселелері бойынша шаруалармен бірқатар кездесулер өтеді. Министр облыстағы егіс науқанының барысымен және өңірдегі фитосанитариялық ахуалмен танысу үшін бірқатар аудандарға барады. Бұл аудандарда шегірткенің таралу қаупі жоғары.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары С.Жұманғарин, Ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаров және жауапты ауыл шаруашылығы вице-министрлері жаппай егіс науқаны аяқталмай тұрып, қалған барлық өңірлерді аралайды.

Күн тәртібінде егістің оңтайлы мерзімдері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жеңілдетілген несиелеумен қамту, шаруалардың несиелеріне 85 пайызға кепілдік беру бойынша түсіндіру жұмыстары, тыңайтқыштарды жөнелтудегі барыс және басқа да мәселелер бар.

Оқылды 460 рет