Дүйсенбі, 01 Шілде 2024 20:54

Отырар ауданы: аппарат жиынында бірқатар мәселелер қаралып, талқыланды

Бүгін Отырар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысқан жиынның күн тәртібінде төрт мәселе қаралып, талқыланды.

Жиында алдымен 5 айдың қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлық көрсеткіштерінің орындалуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай баяндаса, аудандағы денсаулық сақтау саласы бойынша атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер бойынша аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ербол Төлепов айтып өтті.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқылаудан өткен соң сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, осы бағытта атқарылатын жұмыстар бақылауда болатыны ескертілді.

Мұнан соң «Таза Қазақстан» акциясының орындалуы туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Саттар Нәлібай хабарлама жасап, тазалық шараларына қатысты істеліп жатқан жұмыстарды атап өтті.

Жалпы Отырар ауданындағы тарихи-мәдени орындарға саяхаттап келушілер көп. Осыған байланысты аймаққа келген туристерге қолайлы жағдай жасай отырып, ауданның ішкі мәдениеті мен тұрғындар жайында дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін көше тазалығын сақтап, жол бойындағы қоршаулар мен тұрғын жайларды әктеп-сырлау жұмыстарын жүргізу керек. Осы мәселеге байланысты бірқатар ауыл округтеріндегі кемшіліктер айтылып, тапсырмалар берілді.

Жиын соңында аудан басшысы күн тәртібіндегі мәселелерге жеке-жеке тоқталып, айтылған сын-ескертпелер мен берілген тапсырмалардың орындалу барысы өз бақылауында болатынын жеткізді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 224 рет