Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 12:07

Арыста «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының кезекті XXXV есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған партия болып отыр. Осы орайда Арыс қалалық мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының кезекті ХХХV есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Конференцияға Арыс қаласы әкімінің орынбасары С.Дәрібай, қалалық мәслихатхатшысы А.Байтанаев, «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиев, бастауыш партия ұйымдары, кәсіпорын, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған конференция Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау мақсатында қала әкімінің орынбасары С.Дәрібай баяндама жасады. «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалынан 23 азамат «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті ХХХV конференциясына делегат болып сайланды.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 843 рет