Жексенбі, 25 Тамыз 2024 14:47

Түркістанда облыс тұрғындарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамту бағытында жиналыс өтті

Аталған бағытта «Қазақтелеком» байланыс операторының серіктесі «OK Telecom» ЖШС өкілдері мен Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мамандары арасында келіссөздер жүргізілді.

Қос тараптың келісімі бойынша бүгінде Сарыағаш ауданы Достық-2 шекара аумағында орналасқан елдімекендер жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылды. Оған қоса Ынтымақ, Бостандық, Еңкес, Дербісек елді мекендерін үй жағдайындағы жоғары жылдамдықты интернетке қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде, ауыл тұрғындарына қашықтан оқуға, жұмыс жасауға және заманауи цифрлық технологиялардың барлық артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Облыс аумағындағы ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамту жол картасына сәйкес, Сарыағаш ауданы бойынша Кселл ұялы байланыс операторының 5 базалық станциясын және Билайн ұялы байланыс операторының 16 базалық станциясын орнату жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте жаңа базалық станция орнатуға тұрғындар тарапынан туындаған радиофобия мәселесі елді мекендерді толыққанды жоспар бойынша мобильді интернетпен қамтылуына кедергі келтіруде. Осыған байланысты облыс тұрғындарын түсіністікпен қарауға шақырамыз! Айта кетейік, Сарыағаш ауданы бойынша, «OK Telecom» байланыс желісіне Ынтымақ ауылынан 155 абонент, Бостандық – 85 абонент, Достық 1.2 - 130 абонент, Еңкес - 120 абонент, ал Дербісек елді мекенінен - 35 абонент қосылды.

Бүгінгі таңда сапалы интернет – халықтың негізгі қажеттіліктерінің бірі. Бұл мәселе облыс әкімінің халықпен кездесулерінде жиі көтеріледі. Интернеттің жылдамдығы мен сапасына халықтың шағымы көп. Аудандар арасындағы республикалық маңызы бар жолдардың өзінде байланыс нашар. Тұрғындар тарифтердің ақысын толығымен төлеп отыр. Сондықтан сапалы қызметті талап етуі орынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұялы байланыспен қамту мәселесіне, елдің шалғай ауылдарын интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттер қойды. Былтыр 1-ші қыркүйектегі халыққа Жолдауында Президентіміз Қазақстанды IT-мемлекетке айналдыруды тапсырды. Бұл Түркістан өңірі үшін өте маңызды мәселе. Өйткені облыс тұрғындарының 80 пайызы, яғни 1,6 миллион адам ауылда тұрады.

Ауылдағы білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту салаларының бірқатар мәселелерін шешу интернетпен тікелей байланысты. Ал облыстың 62 ауылында байланыс мүлдем жоқ, 116 ауылдық елді мекен интернет желісімен қамтылмаған. Ауылдарды сапалы байланыспен қамту үшін облыс билігі өз тарапынан, байланыс операторларын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге дайын.Түркістан облысы аумағында жалпы 833 елді мекен бар. Оның 826-сы ауылдық елді мекен болса, 7-уі қала. Бүгінде 655 ауылдық елді мекендегі 2 000 000 жуық тұрғын 3G және 4G мобильді интернет желісімен қамтылған. Ал, қалған 150 000 жуық тұрғыны бар 178 ауылдық елді мекенде интернет жоқ. Соның ішінде 62-інде байланыс мүлдем орнатылмаған.

Аталған 62 елді мекеннің 43-ші министрлік айқындаған критерийлерге сәйкес келмеуіне байланысты ұялы байланыс операторлары базалық станция орнатудан бас тартуда. Яғни, ауылда халық саны 250-ден асуы қажет. Қалған 19 елді мекенді алдағы жылдарға ұялы байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелеріне енгізу пысықталып жатыр. Жалпы Түркістан облысы бойынша сапалы интернетпен қамтуды қажет ететін 135 ауылдық елді мекен бар.Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша жылдың басынан бері өңірлік байланыс инспекция тарапынан 30 ауылдық елді мекенде жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, 7 ауыл бойынша ұялы байланыс операторларына айыппұл салынған және 5 елді мекен бойынша интернет байланысын қалпына келтіру бойынша нұсқама берілген.

Бүгінде сапалы интернет дүйім жұрттың  маңызды мәселесіне айналып отыр. Әсіресе кейбір ауылды аймақтарда кең жолақты интернет жүйесі атымен ұстамайды. Алайда ауылшаруашылығы мол білімді, көп күш жігерді талап ететінін мойындау керек. Интернет жүйесі қолжетімді болған жерде адамдардың көзі ашық көкірегі ояу. Қоғамның дамуы мен ел экономикасы жөнді жолға қойылуы үшін кең жолақты сапалы интернет болуы маңызды. Бүгінгі таңда  сапалы интернет көзі білімнің кілтіне айналғандай.  Онлайн-оқу, телемедицина, eGov, zoom, Smart TV деген заманауи қызмет түрлері «Қазақтелекомның» жоғары жылдамдықты интернеті келгелі ауыл тұрғындары үшін өмірінің бір бөлігіне айнала бастады.  Елімізде  індет ауруы жайлаған кезеңдерде онлайн оқу жүйесі қолға алынған болатын. Міне сол кезеңдер көптеген адамдардың жүйкесін тоздырғаны хақ. Осы кең жолақты интернет жүцесі бойынша  Түркістан облысында  цифрландыру бағытында түрлі жобалар жүзеге асып келеді. Сонымен қатар облыс аумағында жалпы 831 елді мекен бар екендігі анықталды. Оның ішінде 824 ауылдық елді мекен және 7 қала  Түркістан, Кентау, Арыс, Жетісай, Шардара, Ленгер, Сарыағаш бар. Талдау нәтижелері бойынша 654 ауылдық елді мекенде 1 942 542 тұрғын 3G (437 АЕМ) және 4G (217 АЕМ)  мобильді интернет желісімен қамтылып, облыс халқының санына шаққанда интернетпен қамтылу деңгейі 93% құрайды. Қалған 145 968 тұрғыны бар 177 ауылдық елді мекенде интернет жоқ, ол дегеніміз 7% құрайды. Интернетпен қамтылмаған 177 АЕМ-нің 115 АЕМ 2G мобильді байланыс желісімен қамтылған, қалған 62 АЕМ-де байланыс мүлде жоқ.

Аталған 62 АЕМ-нің 43 АЕМ Министрлік қойған  критерийлерде  халық саны 250 астам болуы қажет деп көрсетілген. Халық санының  сәйкес келмеуіне байланысты ұялы байланыс операторлары базалық станция орнатудан бас тартуда. Қалған 19  АЕМ алдағы жылдарға ұялы байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелеріне енгізу пысықталуда. Жалпы Түркістан облысы бойынша сапалы интернетпен қамтуды қажет ететін, бірақ техникалық мүмкіндігі жоқ 134 АЕМ бар. Қазіргі уақытта осы елді мекендерді сапалы интернетпен қамту мақсатында салалық министрлікпен және Түркістан облысы әкімдігі арасында жол картасын бекіту жұмыстары жүргізілуде. Күтілетін нәтиже 2023-2027 жылдар арасында облыс тұрғындарын сапалы интернетпен қамту деңгейі 99,8% жетеді. Қалған 0,16% құрайтын 3403 тұрғыны бар халық саны 250-ден кем 43 АЕМ-ге тиесілі.

Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша 3G стандартын қолдайтын 437 АЕМ-нің (халық саны 1 015 047) базалық станцияларын 2023-2029 жылдар аралығында 4G стандартына модернизациялау жоспарлануда. Қазіргі таңда  орталық атқарушы органдармен «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы 2023-2027 жылдар аралығына  әзірленуде. Облыс бойынша негізгі іс-шаралар жоспары айқындалды. Олар:  Талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы (бұдан әрі-ТОБЖ) АЕМ-де қолжетімділікпен қамту. Іске асыру мерзімі: 2027 жыл.  Қазіргі уақытта облыс бойынша 376 АЕМ-де 855 мемлекеттік мекеме ТОБЖ  қамтылған. Қосымша, Ұлттық жобаға 389 АЕМ-де 758 мемлекеттік мекеме ұсынылды Министрлікпен айқындалған критерийлерге сәйкес кемінде екі әлеуметтік нысан болуы қажет.  Республикалық және негізгі облыстық жолдарды 4G технологиялары мобильді кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету, және бұл жобаның  іске асу мерзімі  2027 жыл болып табылады.

-Халықаралық маңызы бар 294 шақырым жол;

-Республикалық маңызы бар 429 шақырым жол;

-Облыстық маңызы бар 4014 шақырым жол торабы (жалпы: 4737 шақырым жол) жобаға ұсынылды.

Туристік аймақтарды мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуді іске асыру мерзімі 2027 жылға барады.

Түркістан облысына қарасты ұлттық табиғи саябақтары:

-Төлеби ауданы: Сайрамсу, Қасқасу, Біркөлік, Турбаза, шатқалдары.

-Түлкібас ауданы: Машат, Көкбұлақ, Өгем шатқалдары.

«Соңғы мильді» субсидиялау арқылы интернетті АЕМ-дегі үйшаруашылығына дейін жеткізу. Іске асыру мерзімі: 2027 жыл.

Қазіргі уақытта ТОБЖ тартылған 82 АЕМ 6736 тұрғын үй және 30 мың тұрғын қамтылған. Жоспар: 2023 жылы инвесторларды тарту жолы арқылы 10 мың тұрғын үйді қосу. Сондай-ақ,  5G желісін енгізу жоспары қолға алынбақ. Түркістан қаласының бүкіл тарихи әрі маңызды орталығын қамтитын 9 сыртқы 5G базалық станциялары орнатылды. Түркістан қаласы әкімдігі, «Конгресс Холл» сарайы, «Түркістан Арена» стадионы, автовокзал, «Фараб» кітапханасы, «Батыр» жастар сарайы, Керуен сарай, Түркістан қаласы әуе жайы,  «Rixos» қонақ үйі сияқты маңызды туристік нысандарда бесінші буынды 5G мобильді интернеті іске қосылған.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 164 рет