Дүйсенбі, 29 Қазан 2018 15:17

Түркістан облысы: республикалық арнайы насихаттық топ Жолдауды арыстық теміржолшыларға насихаттады

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында арнайы құрылған Республикалық арнайы насихаттық топ мүшелерінің және қала аумағында орналасқан барлық темір жол мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен қалалық мәдениет үйінде жиын өтті. 

Бұл жолғы Жолдаудың негізгі мақсаты ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыру. Жиын барысында «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары М.Шакенов, «ҚТЖ» Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының Адами ресурстарымен басқару және құжат айналымы жөніндегі атқарушы директорының міндетін атқарушы – Департамент директоры Ш.Абильбекова, «Жолаушылар тасмалы» акционерлік қоғамының Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Г.Анғарбаева, Шымкент бөлімшесінің ардагерлер төрағасы Н.Нұртаев және «Қазақстандық салалық темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Н.Салықбаевалар қатысып, жолдау аясында баяндамалар жасады. Баяндама барысында насихаттық топ мүшелері тарихи құжаттың тағылымдық жақтарына тоқталып, Жолдаудың басым бағыттарын атап көрсетті. Сала қызметкерлері қоғамдық өзгерістердің кешегісі мен бүгінгісін сараптап, еліміздің даму қарқынындағы сапалық жетістіктердің тиімділігін атап өтті. Кездесу барысында Жолдауда көрсетілген басым бағыттарды жүзеге асыру бойынша теміржол саласының жұмысшылары тарапынан сала қызметкерлері қойылған сауалдарға заң аясында тиісті мәліметтер мен жауаптар берді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 651 рет