Сейсенбі, 30 Қазан 2018 21:56

Түркістан қаласы маңында жаңа су қоймасы салынады

«Қазсушар» мекемесі мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бірлесе отырып, өңірдегі суқоймаларындағы су қорын тиімді пайдалану керек. Шардара қаласы маңынан тағы бір суқоймасын салып, артық суды құмға жіберу арқылы жайылым жерге айналдыру қажет. Сондай-ақТүркістан қаласының облыс орталығы болуына орай су қажеттілігі артады. Осыған байланысты Сырдария өзені бойынан жаңа суқоймасын салу бойынша құжаттарды әзірлеп,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдауымыз тиіс». Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс әкімдігінде өткен жиында осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды «ontustik.gov.kz» сайтына сілтеме жасап. 

Сондай-ақ мәжілісте Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Н.Жүнісов су қоймаларының қауіпсіздігі қадағаланып отырғандығын жеткізіп, 2018-2019 жылдардың қысқы кезеңін қауіпсіз өткізу мақсатында болуы мүмкін төтенше жағдайларды жоюға арналған жұмыстар әзірленгендігін айтты. 

«Облыс аумағында қыс мезгілі жыл сайын автомобиль жолдарында күрделі болып өтеді. Осы асулардың республикалық маңызы жолдарында 7, облыстық маңызы бар жолдарда 4 жылыту бекеті орналасқан. Облыстық азаматтық қорғаудың авариялық және шұғыл қызметтері арасындағы өзара ақпараттық іс-қимылын реттейтін құжаттарға түзетулер енгізіліп, пысықталды», - деді Нұрғали Жүнісов. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 901 рет