Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев - “Халықаралық Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылғы өткізіле бастағаны баршаға белгілі. Бұл айтулы мерекеге де биыл 32 жыл толып отыр. Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан еліміздің мекендеген барлығымызды біріктіретін осы айтулы күн – қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні десек қателеспейміз. Сондықтан да бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі ретінде атап өтіледі. Тұтастай алсақ, діни ахуал тұрақты”, деді.
Шарада аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің Сауран аудандық филиалының басшысы А.Раматуллаев сөз сөйлеп, бірлік пен дінаралық татулық жолында дін өкілдерінің еңбегі жоғары екендігін айтып, бүгінгі мерекелерімен құттықтады. Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Б.Букебаев дін өкілдеріне алғысын білдіріп, аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Қазақстан – дінаралық келісімді биік тұғыр ретінде ұстанып келе жатқан ел. Діни бірлестіктердің өзара ынтымақтастықта қарым-қатынасқа түсуіне мүмкіндік жасап отырған поликонфессиялы мемлекет ынтымақтастық идеалын ұстануда. Еліміздің рухани-мәдени саладағы саясатының негізгі басымдықтарының бірі – этносаралық және конфессияаралық келісім, соның негізіндегі мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы сындарлы диалогты дамыту болып табылады. Бұл диалог олардың өзара қарым-қатынастарының барлық тараптарын реттейтін заңнамалық-құқықтық негізде құрыла отырып, қоғамның тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді.
Қоғамдағы тұрақтылық мемлекет үшін ғана емес, діни бірлестіктер үшін де маңызды. Шынайы төзімділікке, толерантты мәдениетке бірлесе ғана қол жеткізуге болады. Жан Жак Руссоның «мемлекет үшін әр азаматтың өз міндеттерін жақсы көруге итермелейтін діні болуы маңызды» деп атап кеткеніндей, діндардың Құдайға деген сүйіспеншілігінен басқа Отанға деген адалдығы, патриотизмі болуы керек.
Қазақстанда конфессияаралық келісімді нығайтуда еліміздің тарихи қалыптасуында, мәдениетінде басымдылыққа ие ханафилік ислам дінің ханафи мазхабы мен христиандықтың православиелік тармағының өзара қарым-қатынасы маңызды рөлге ие екені даусыз. Олардың бейбіт қатар өмір сүруі әлеуметтік және рухани өмірдің тұрақтылығының кепілі болып табылады. Бұл өзара түсіністік сүйіспеншілік, мейірімділік, сенім, адамдар арасындағы бір-біріне құрмет, лайықты мінез-құлықты дәріптейтін ислам мен христиандықтың маңызды құндылықтарына негізделген. Қазақстан халқының тарихы мен мәдениетіндегі аталған дәстүрлі діндердің орнын ұлықтау мақсатында еліміздің мерекелік күндерінің ресми күнтізбесінде Құрбан айт және православиелік Рождествоның бекітілуі рухани келісімнің бірден бір айғағы деп түсінілу керек.
Қазақстанда жоғарыда аталған діни бірлестіктермен қатар, иудейлердің, католиктердің, лютерандардың және басқа да жаңа діни бағыттардың бірлестіктері жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы әлемдік діндердің жетекші орталықтарымен тығыз байланыс орнатқан. Қазақстандықтардың Мекке мен Мединаға қажылық жасауға толық мүмкіндерінің еркін ашылуы, Қазақстанның Мәскеудегі православ шіркеуін қалпына келтіруге өз үлесін қосуы, 1999 жылы Нью-Йорктегі еврей қауымдастығына қасиетті қолжазбалардың сыйға тартылуы секілді тәуелсіздік жылдары жасалған игі шаралар еліміздегі рухани келісім мәдениетінің жоғары деңгейде көрініс тапқанын айғақтай түседі.
1992 жылдан бастап 18 қазан Қазақстанда Рухани келісім күні болып жарияланды. Бұл күні әрбір діни конфессияның еліміздегі рухани келісімді нығайтуға қосқан зор үлесі атап өтіледі. Рухани келісімге қол жеткізудің нақты бір дәлелі деп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен басталған «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін» атай аламыз. Бұл съезд Қазақстанның діни жағдайды зерделеу ісінде көшбасшы болып табылатынын және әр түрлі діни ұстанымдағы адамдардың бір алаңда бас қосып, адамзатқа ортақ мәселелерді шешуге мүмкіндіктері бар екенін көрсетті. Шынында да, біздің елде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы қатынастардың өзіндік моделі қалыптасты: серіктестік, өзара құрмет және бір-бірінің ішкі істеріне араласпау қағидаттарына негізделген конфессияаралық келісімнің бірегей моделі әлемдік деңгейде мойындалды.
Әлемдік діни ахуалды және көптеген шет елдердің тәжірибесін талдау мұндай модельдің неғұрлым оңтайлы және қолайлы болып табылатынын көрсетті. Мұны елеулі жетістік және одан әрі ілгерілеудің маңызды шарты деп атауға болады. Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында Тәуелсіздік жылдарында «біз қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық келісім, қазақстандық біртұтастық пен жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастыруды қамтамасыз ете алатын өзіндік модельді жүзеге асырдық. Бұл біздің қазақстандық «ноу-хау», біз оны мақтан тұта отырып, мұқият қорғауға міндеттіміз» деп атап кеткен еді.
Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан халқы Ассамблеясы табысты жұмыс істеуде, бес мыңнан аса Үкіметтік емес ұйымдар мен 200-ден астам этномәдени орталықтар бейбіт қатар өмір сүріп, қоғамдағы рухани келісімнің жалғастығына үлестерін қосып келеді. Республикадағы діни алаң аясы да сан алуандығымен ерекшеленеді: 18 конфессияға тиесілі 3600-ге жуық діни бірлестіктер, олардың діни ғимараттары мен баспа басылымдары заң аясында қызметтерін жүргізуде.
Тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің біртұтастануымыздың қағидаты ретінде қазақстандық патриотизм идеясы басты орынға қойылды. Патриоттық тәрбиенің тиімділігі Қазақстан тарихын, әдет-ғұрып, дәстүр, тіл, Республика халықтарының мәдениетінің еркін дамуына жол салынды. Қазақстандықтардың бір-бірін түсінуіне ұлты, әлеуметтік және діни айырмашылықтары да кедергі болған жоқ және болмауы тиіс қағидасы берік орнықты. Қазақстандық патриотизм – аға буынның арқасында қалыптасқан қоғамда қиын дағдарыстық жағдайларға төтеп беруге көмектесетін моральдық тұғыр, қазық болды десек артық емес. Оның өзіндік бет-бейнесі мен менталитеті бар, оның негізгі белгілерінің бірі – Қазақстанға өз Отаны ретінде деген сүйіспеншілік, қонақжайлылық пен риясыздық, өзара көмек, елде атап өтілетін мерекелердің интернационализмін атап кетуге болады. Дәл осы халықтық отансүйгіштік Қазақстанды әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне айналдыруға көмектесті. Осы қол жеткен жетістіктер Съезд жұмысының өміршеңдігіне негіз болып келеді және алдағы уақыттағы жоспарланып отырған «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі» аясында жан-жақтан келетін діни көшбасшылардың тарапынан атап өтілетініне сенімдіміз. Халық, ең алдымен, жастар, патриотизм дегеніміз бұл тек бір ұлтты ғана мадақтау, көтермелеу емес, мәдениеттер, діндер мен дәстүрлердің бейбіт өзара іс-қимылы арқылы ғана Қазақстанды дамытатын қуатты ресурс екенін білуге тиіс.
Қазақстан Республикасындағы бітімгершілік саясаттың нәтижесінде Қазақстан Орталық Азиядағы қауіпсіздік режимін сақтаудың бірден бір кепілі болып отыр. Бейбіт қатар өмір сүру үлгісі, өңірлік қауіпсіздікті тұрақтандырушы және еліміздің экономикалық реформалардың көшбасшысы ретіндегі мәртебесі біздің елімізге геосаяси, геоэкономикалық және геоақпараттық сипаттағы жаһандық және өңірлік құрылымдарда салмақты рөл атқаруға мүмкіндік береді. Басым бөлігінде халықаралық ұйымдардың біздің елімізге сенім артуы этносаралық және конфессияаралық келісім моделінің арқасында мүмкін болды деп айта аламыз. Еліміздегі рухани келісім мәдениетінің жоғары деңгейі – Қазақстанның кемсітушілікке, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес ісіне, жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қолдаудың жалпы әлемдік процесіне қосқан үлесі болып табылады. Қазақстанда барлық діндердің тең құқығына кепілдік беріле отырып, конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге толық бейімділік танытып келеді. Елімізде исламның, басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық дәстүрлерін құрметтеледі және дамытуға қолдау көрсетіледі. Дегенмен осы заманғы зайырлы мемлекет орнату саяси бағдар болып табылады. Қазақстан Республикасы жалпыадамзаттық құндылыққа негізделген рухани келісімді баянды етуге мүдделі және сол бағытта дами бермек.
Рухани келісім күні – біздің қазақ халқы үшін атаулы күн. Себебі, ата-бабаларымыз әр уақытта да өз өмірінде ар мен ұятты жоғары бағалаған. Соның нәтижесінде, бүгінде елімізде түрлі ұлттар мен ұлыстардың және әртүрлі мәдениеттің өкілдері бейбітшілікте өмір сүріп жатыр. Олар қазақ халқының бойына сіңген дархандық, мейірімділік пен қонақжайлылық сынды қасиеттердің арқасында өздерін еркін сезінуде. Халқымыздың бойындағы бұл асыл қасиеттер ата-бабаларымыздың қанынан дарыған. Исламға дейінгі түркілердің далалық заңдарында бір адам қылмыс немесе қателік жасайтын болса, ол бүкіл рудың намысы саналатын. Сонымен қоса, бір адам қиыншылыққа тап болса, оған бүкіл ел болып, жұмыла көмек беретін. Міне, осы жақсы қасиеттер кейін, Ислам дінін қабылдаған соң да қазақ халқының бойынан жоғалмай, керісінше дамып, қуаттана түсті. Ислам дінін қабылдаған қазақ халқының бойындағы адамгершілік қасиеттер алдымен Құран мен хадис арқылы дамыса, кейін ол Ясауи бабамыздың еңбегі арқылы дарыды. Бүгінде жаһандану заманында осы адами құндылығымызды бойымызда жоғалтпай ұстау – біздің басты міндетіміз. Мұндай құндылықты көптеген халықтың бойынан табу қиын. Осындай асыл, адамгершілік қағидаттардың арқасында елімізде тыныштық пен ынтымақтастық берік орнауда. Сондықтан біз үшін бұл атаулы күннің маңызы зор.
Бүгінде осы игі бастамаға еліміздің барлық аймағы тарапынан қолдау көрсетіліп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі ретінде «Рухани келісім – халық бірлігіне бастар жол» атты дөңгелек үстелді айтуға болады. Аталған іс-шараға ауылдағы қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік ұжымдар тартылды. Келген қонақтар өз ой-пікірлерін ортаға салып, рухани келісім мен діни тұрақтылық мәселелері бойынша түрлі тақырыпта әңгіме қозғауға мүмкіндік алды. Тәуелсіз Қазақстандағы конфессияаралық жағдай, діни сенім бостандығы туралы түсінік, дінаралық қатынастардағы толеранттылық, ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық модулі, Қазақстан Президентінің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты осылайша, ауданымызда өткізілген түрлі іс-шаралар арқылы салтанат құрды.
Қазақстанның 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Ата заңымыздың 14-бабында «...тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрағылықты жеріне байланысты немесе өзге де жағдаяттар бойынша ешкімге ешқандай кемсітуге болмайды» деп жазылуы, еліміздегі ешбір ұлттың, өзге дін өкілінің өзін, өз бауырындай санаған.
Діннің табиғаты сондай, сенімі күшті діндар адам өзінің туыстары мен ұлтына, еліне көп алаң болмай, рухани бірліктегі өзінің діндес бауырларын жақын тұтып, соларға жәрдем етуге бейім болады және қажет болған кезде солардан қолдау күтіп, көмек сұрауға да дайын тұрады. Бүгінде тәуелсіз мемлекет атанып, ел, халық болып қалыптасудың күрделі үдерістерін бастан кешіріп жатқан кезеңде ұлттық келісімді, дінаралық татулықты қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті міндеті болуы да сондықтан.
Қасиетті Құранның Мумтахина сүресі, 7-аяттында «Дін турасында сендермен соғыспаған әрі сендерді өз Отандарыңнан қуып шығармаған адамдарға жақсылық жасауларыңа және оларға әділетті болуларыңа Алла Тағала қарсы емес. Өйткені, Алла Тағала әділеттілік жасағандарды жақсы көреді», - деген. Бұл аятта өзге дін өкілдерімен бейбіт ғұмыр кешуді, сондай-ақ мұсылмандардың оларға жақсылық әрі әділдік танытуларына рұқсат берген. Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Кeз кeлгeн xaлықтың pyxaни мәдeниeтiнiң нeгiзiн кeлiciмгe, бeйбiтшiлiккe, әдiлдiккe ұмтылyды құpaйды. Көп ұлтты қaзaқcтaндық мәдeниeткe тән pyxaни бacтaмaлapды нығaйтy мeмлeкeттiк caяcaттың мaңызды бөлiгi. Жыл caйын Қaзaқcтaндa Рyxaни кeлiciм күнi aтaп өтiлeдi. Қaзipгi тaңдa түpлi этноcтap мeн дiнгe жaтaтын aдaмдapды бipiктipyгe қaбiлeттi pyxaни құндылықтapды бeкiтy тұpaқты күш-жiгepдi, түpлi eлдepдiң ғaлымдapы, дiни көшбacшылapы, мәдeниeт жәнe өнep қaйpaткepлepi тapaпынaн үнeмi нaзapды қaжeт eтeдi. Дүниeжүзiлiк pyxaни мәдeниeт фоpyмын өткiзy қaзipгi әлeмнiң pyxaнилығын нығaйтyғa, өpкeниeттep мeн мәдeниeттep үн қaтыcyлapын кeңeйтyгe мaңызды қaдaм болaтындығынa ceнiмдiмiн», – дeгeн болaтын.
Қоғaмның ынтымaғы мeн бipлiгi, Иcлaмның өpкeндeyi үшiн жacaғaн қызмeттepi, pacындa дa, үлкeн жeтicтiккe жeткiздi. Қaзipгi тaңдa көпұлтты тәyeлciз Қaзaқ eлiнe дүниeжүзiндeгi көптeгeн eлдep қызығa қapayдa. Ceбeбi жүздeн acтaм ұлт пeн ұлыcтapдың бepeкe-бipлiгi мeн ынтымaғын жapacтыpa бiлгeн eл кeмдe-кeм. Елімізде 130 – тан астам түрлі ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр, олардың тіліне, мәдениетіне, дініне қарамастан, бір тудың астында татулық, бірлікте өмір сүріп жатырмыз. Зайырлы мемлекет бола тұра, өз дінін ұстанып, өзге дінді құрметтеуге еліміздің әр азаматы мүдделі десек артық айтпаймыз.
Қазақ халқының тәрбиеге тұнған мақал-мәтелін алып қарасақ та, түбі құран аяттары мен пайғамбар хадистеріне тіреледі. Өйткені адамзаттық тәлім-тәрбиенің бастауы исламда жатыр. Асыл рух – ұлт байлығы, ал оның жетістігі – біржақты жеке мүдделерді жеңе отырып, әлем елдерін рухани келісімді асқақтатуға шақыру болып табылады. Ұрпағымыз осы рухани келісім әрқашан бірлік екеніне сенсе, сонда ғана бірлік пен береке болмақ. Өз туған жерімізде рухани мәдениеттің не екеніне түсіне бермейтін жандар бар. Негізгі мәдениет ол имандылық, адамгершілік. Өзіміздің дінімізді тілімізді білмеу ол сауатсыздық. Әдептілік, этика, эстетика, жайлы көп түсіндірсек, сонда ғана жас ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелей аламыз.
Рухани келісім, бірлік арқылы шешілетініне көз жеткізе алады. Рухани келісім тұрақты түрде жеткізіліп отыра береді. Мәдениеттілік, имандылық, адамгершілік, ибалылық, адалдық барлығы осы рухани келісімге жатады. Адам баласы өмірде осы айтылған нәрселердің барлығын бойына сіңіре білсе, ол нағыз иманды адам болып саналады. Басқа ағым жетегінде кетпеу, ол адамзат баласының өз қолында.Күн сайын өзгеріп, түрленіп жатқан алмағайып заманда өркениеттер арасындағы бейбіт келісімді сақтау – бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі. Сондықтан бейбітшілік пен бірлік, ынтымақ пен татулық – еліміз үшін қастерлі де қасиетті ұғым.
Адамдық пен татулық - егіз ұғым. Пендеде оның біреуі болып, біреуі болмауы мүмкін емес. Ал егер пенде екеуінен де мақұрым болса ол білімсіздіктің белгісі. Ағымы түзу қай дінді алып қарасаңыз да, ол адамгершілікке, татулыққа шақырады. Бір-біріне құрмет көрсету мен толеранттылықты насихаттайды. Көп ұлтты, діні әртүрлі мемлекеттің қоғамын бірлікте, татулықта ұстау оңай іс емес. Біздің елімізде мемлекет тыныштығын сақтау үшін діни бірлестіктер де өз үлестерін қосуда. Бұл ретте ең бастысы, адамдар өзара рухани келісімде болса игі. Түсініспеушіліктен аулақ болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратындай тату өмір сүрсе, ел тыныштығының мәңгі болғаны. Бүгінгі таңда рухани келісім көптеген елдер үшін бірінші кезектегі міндетке айналды. Осы жағдайда Қазақстан ұлттық бірлігіне негізделген тұрақтылықты көрсетіп отыр. Елімізде өмір сүретін этностардың ауызбірлігі мен төзімділігі қазақстандықтар үшін егемендік құру жолындағы күрделі кезеңдерден өтуге жәрдемдесті және әлі күнге дейін ел дамуына үлкен күш-қуат беріп отыр.
Ата-бабаларымыз әр уақытта да өз өмірінде ар мен ұятты жоғары бағалаған. Соның нәтижесінде бүгінде елімізде жасап жатқан түрлі ұлттар мен ұлыстардың және әртүрлі мәдениеттің өкілдері бар. Олар өздерін еркін сезініп, бейбіт өмір сүрулері қазақ халқының бойына сіңген дархандық, мейірімділік пен қонақжайлылықтың арқасында. Халқымыздың бойындағы бұл асыл қасиет ата-бабаларымыздың қанынан дарыған. Исламға дейінгі түркілердің далалық заңдарында бір адам қылмыс, болмаса қателік жасайтын болса, ол бүкіл рудың намысы болып саналатын. Сонымен қоса, бір адам қиыншылыққа тап болса оған бүкіл ел болып жұмыла көмек беретін. Міне, осы жақсы қасиеттер қазақ халқының бойынан кейін Ислам дінін қабылдаған соң да жоғалмай керісінше дамып, қуаттана түсті. Ислам дінін қабылдаған қазақ халқының бойындағы адамгершілік қасиеттер алдымен Құран мен хадис арқылы дамыса, кейін ол Ахмет Яссауи бабамыздың еңбегі арқылы дарыды. Бүгінде жаһандану заманында осы адами құндылығымызды бойымыздан жоғалтпай ұстау біздің басты міндетіміз. Мұндай құндылықты көптеген халықтардың бойынан табу қиын. Осы асыл адамгершілік принциптеріміздің арқасында бүгінде елімізде тыныштықпен ынтымақтастық орнауда. Сондықтан, біз үшін бұл атаулы күннің маңызы зор. Біздің ауданда да бірнеше ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың ынтымағын біз күнделікті өмірімізде көріп те жүрміз.Отбасындағы, тіпті ұжымдағы ынтымақ пен келісім мемлекеттің дамуына ықпал етеді. «Отбасы - шағын мемлекет» деп тегін айтпаса керек-ті. Бүгінгі күні еліміздегі азаматтық институттардың барлығы қоғамдағы келісімнің, бірліктің, елдіктің үздік өнегесін ұстануды мақсат етеді.
Рухани келісім күні мешіттер, шіркеулер және басқа да діни бірлестіктер өздерінің жолдарын және басқа конфессия өкілдерін ортақ дұғалар мен рәсімдерге шақырады. Сондай-ақ бұл күні дінаралық диалог, толеранттылық және ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында конференциялар, форумдар, «дөңгелек үстелдер» және басқа да іс-шаралар өткізіледі. Бұл іс-шараларға дін қайраткерлері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен түрлі діни бірлестіктердің өкілдері қатысады. Рухани келісім күні азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдарды Қазақстанда әртүрлі діндер мен мәдениеттердің бейбіт қатар өмір сүруіне жағдай жасау үшін бірлескен күш-жігер жұмсауға да ынталандырады. Бұл күн көпұлтты және көпконфессиялы қоғамда адамдардың бір-бірін сыйлау мен түсіну қажеттілігін еске салады. Өзара сыйластық түсінігі қазақ халқының өмірлік философиясының бір астарын құрайды. Себебі тарихта қазақ жері түрлі мәдениеттер мен ұлттардың бесігі болған.
Қазақстан әртүрлі мәдени және өркениеттік ағымдардың тоғысқан жерінде орналасқандықтан, басқа да тарихи себептермен оның территориясында бірегей көпмәдениетті және көпұлтты қауымдастық қалыптасты. Қазақ ұлтынан өзге түрлі этнос өкілдері: орыстар, украиндар, немістер, өзбектер, татарлар, корейлер және басқа да көптеген этностарға қазақ жерін мекендеу тағдыры бұйырып, олар өздерінің ерекше мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ала келді. Нәтижесінде этникалық топтардың әртүрлілігін және олардың ел тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесін көрсететін бай мәдени мұра қалыптасты. Қазақстанды әртүрлі діндер мен сенімдер тоғысқан жері деуге де болады. Ислам, православие, католицизм, протестантизм, иудаизм, буддизм және басқа діндер еліміздің мәдени мозайкасынан өз орнын табуда, бұл оны әртүрлі халықтардың рухани және мәдени мұрасын дамытудың ашық және серпінді ортасына айналдыруда. Дегенмен қазақтардың салт-дәстүріне, өнеріне, сәулетіне әсер етіп, мәдениетінде елеулі орын алған дін ислам екені сөзсіз. Қазақ халқы ислам сенімін дәстүрлі дін ретінде қабылдайды әрі өздерін исламның сунниттік, оның ішінде Ханафи мәзхабына жатқызады.
Ислам Қазақстан аумағына VIII-IX ғасырларда келіп, қазақ халқының мәдени-рухани мұрасының маңызды құрамдас бөліктерінің біріне айналды. Қазақ мәдениетінің ислам дінімен байланысты негізгі қырларының бірі – олардың ислам қағидаларына негізделген дәстүрлі өмір салты. Бұл, мысалы, отбасылық құндылықтарға, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерге, сондай-ақ ислам күнтізбесі бойынша аталып өтілетін мерекелерге (Ораза айт, Құрбан айт) қатысты. Ислам діні қазақ өнері мен сәулет өнеріне де әсер еткен. Мешіттер, мазарлар мен кесенелер сияқты көптеген дәстүрлі қазақ ғимараттары ислам сәулет элементтері мен әшекейлерін көрсетеді. Қазақ суретшілері мен қолөнершілері де өз туындыларында ислам символикасының мотивтерін жиі пайдаланады.
Тағы бір айта кетерлігі, ислам діні қазақ әдебиетіне, музыкасына да әсер еткен. Көптеген қазақ әндері, жыр, термелер, өлеңдері исламның рухани-этикалық құндылықтарын көрсетеді. Жыраулар поэзиясы да тұнған мұсылмандық әдеп негіздерін мазмұнына арқау етті деуге болады. Жалпы, ислам қазақтардың мәдени болмысын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және олардың мәдениеті мен әлеуметтік өмірінің әртүрлі аспектілеріне терең әсер еткен. Қазақ халқы дәстүрге сай достығымен, қонақжайлығымен, өзге мәдениеттер мен діндерге құрметпен қарауымен ерекшеленеді. Қазақстандық мәдениет толеранттылық пен өзара түсіністікке толы. Сол үшін бұл елде әртүрлі этникалық және діни топтардың өкілдері ымыраласып, бейбіт қатар өмір сүруде. Сондай-ақ мемлекет ұлтаралық және конфессияаралық келісім саясатын белсенді түрде қолдап, халықтың әртүрлі топтары арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтуға бағытталған түрлі бағдарламалар мен іс-шараларды өткізеді. Қазақстан заңдары ұлты мен дініне қарамастан барлық азаматтардың тең құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. «Кең болсаң, кем болмайсың» дейтін кеңпейіл қазақтар арасындағы толеранттылық олардың мәдениеті мен әдет-ғұрпынан да, мемлекеттік саясаттан да байқалады, бұл Қазақстанда әртүрлі мәдениеттер мен діндердің үйлесімді өмір сүруіне жол ашқан.
Қазақстан – көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет ретінде Ата заңы діни сенім бостандығына кепілдік береді, плюралистік ортада ұлттық және сенімдегі айырмашылықтарды құрметтеуге шақырады. Сондай-ақ мемлекет конфессияаралық диалог пен конфессияаралық келісімді нығайту саясатын қолдайды. Рухани келісімге қол жеткізуге бағытталған күш-жігердің бір бөлігі ретінде мемлекет шағын этностардың дәстүрлі діни мәдениеттерін сақтауға және дамытуға да назар аударады, бұл елдегі рухани әртүрлілік пен келісімді нығайтуға ықпал етеді. Қазақстандағы рухани келісімді қолдаудың жарқын мысалдарының бірі – әртүрлі діни бірлестіктер арасындағы конфессияаралық келісім мен достықтың символына айналған Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайының салынуы. Бұл сарай әртүрлі діни дәстүрлерден сәулет пен дизайн элементтерін біріктірген, әртүрлі конфессиялардағы сенушілер арасындағы диалог пен өзара түсіністік орны болып табылады. Қазақстандағы рухани келісімді ілгерілету жөніндегі күш-жігер қоғамдағы қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған ұлттық саясаттың маңызды аспектісі болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстанда дін көшбасшылары мен түрлі конфессия өкілдері мемлекеттік органдармен діни саясат, білім, мәдениет және әлеуметтік даму мәселелерін шешуде белсенді түрде ынтымақтасады. Бұл диалог түрлі діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты дамытып, қоғамдағы рухани келісімді нығайтады. Қазақстанда рухани келісімді қамтамасыз етудегі тағы бір маңызды аспект – діни сенім бостандығы мен адам құқықтарын қорғаудың заңнамасы мен тетіктерінің болуы. Қазақстан Конституциясы әркімнің ар-ождан және діни сенім бостандығы құқығына кепілдік береді, бұл елімізде діни құқықтар мен бостандықтардың сақталуына негіз жасайды. Рухани келісімді қолдаудың маңызды элементі азаматтық қоғамның, діни бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың дінаралық диалог, бітімгершілік және әлеуметтік қолдау жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуы болып табылады. Осылайша, Қазақстандағы рухани келісімге мемлекеттік саясат деңгейінде де, қоғамдық сана мен белсенділік деңгейінде де қолдау көрсетіледі, бұл әрбір адам өзін құрметтейтін және қорғалатынын сезінетін бейбіт және келісімді қоғам құруға ықпал етеді.
Біз жоғарыда сөз еткен, Ислам діні адамдар арасындағы татулықты, төзімділік пен келісімді қолдайды. Исламда бейбітшілік (әс-сәләм) ең маңызды мұраттардың бірі болып саналады және мұсылмандар өз өмірінде және басқалармен қарым-қатынаста бейбіт қатынастарды ұстануға тырысады. Ислам жеке өмірде де, қоғамда да өзара түсіністік пен сыйластыққа шақырады. Мұсылмандар әрдайым алдымен өз ішінде, сосын өзгелермен тату тұрудың жолдарын іздеуі керек. Дәстүрлі дініміз барлық адамдарды тең көреді, артықшылық тек Аллаға жақындықта, тақуалықта деп қарастырады. Ал Жаратушыға жақын пенде ол жанжалдан бойын аулақ ұстайды әрі бейбіт ұстанымдардан танбайды. Айтпағымыз, Рухани келісім мұраты исламның ілкі мақсаттарының бірі ретінде ол әрдайым мұсылмандар басым қоғамда қызу қолдау табады.
Еліміз тәуелсіздік алған тұста, мемлекетіміз үшін ең жауапты кезең болды. Бүгінде тұрақтылықтың тұтқасына, бірлігіміздің бастауына, ұлттар арасындағы достықтың «алтын көпіріне» айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміз үшін маңызы зор. Тағдырдың жазуымен, ұлан-байтақ жерімізге көптеген ұлт өкілдері жер аударып келіп, қоныстанды. Бүгінде олар қаны бөлек болғанымен, қазақ халқымен жаны бір, ұлты басқа болғанымен, халқымызбен арманы ортақ біртұтас елге айналып отыр.
Бір шаңырақ астында ұлттың ұйытқысына себеп болып отырған, саясатымыз бен ата заңымыздың арқасында атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі екендігі белгілі. Біздің елімізде әрбір ұлтқа деген қамқорлық шексіз. 18-ге толған азаматтар – тегіне, нәсіліне, ұлтына, тіліне қарамай сайлауға қатыса алады. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей кез келген ұлт өкілдерінің құқықтары тең. Ата Заңымыздың бірінші бабының өзінде басты құндылық ретінде адам, оның өмірі мен еркіндігі атап көрсетілді. Адамды басты орынға қойған мемлекетімізде, адамға қамқорлық жасауда игілікті шаралардың жүзеге асырылып жатқанына куә болып жүрміз.
Жалпы елімізде халықтың тыныштығын алып, іріткі салуға қатысты барлық әрекетке тыйым салынған. Бұл туралы тіпті еліміздің Ата Заңында да анық көрсетілген. Онда «Ұлтаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады», – делінген. Еліміздің бірлігі мен татулығы, ұлттар арасындағы достық әрқашан алдыңғы орында. Ал, бұл ауызбіршілікті сақтауда – Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің жоғары екені айтпаса да түсінікті.
Қарапайым, сыйластық, үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып саналады. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің баға жетпес байлығы. Қазақстан тарихының едәуір бөлігі оны мекендейтін халықтардың этностық және мәдени өзара іс-қимылдарының – тарихы. Бұл ретте, Қазақстанның көпұлттылығы ғасырларға созылып, уақыттардан жалғасын тауып, сабақтасып келеді.
Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күннен-ақ адамзат үшін ең қымбат қазына – ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді – қастерлеп сақтай отырып, еркін дамуда. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі достықтың бай тәжірибесі ұлттық татулық пен келісімнің ғана халықтардың экономикалық теңдігі, саяси және мәдени дамуын, өзара достықты, ұлттық мүдделер мен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің бір-біріне деген құрметін қамтамасыз ете алатынын көрсетеді. Елбасының, мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарында ұлтаралық татулықтың, халықтардың өзара түсіністігі мен келісімін нығайта беру, оларды алдағы уақытта топтастырып, жарастыра беру айрықша орын алды. Бүгінгі күні қоғамымыздағы ауызбіршілік, тұрақтылық пен туысқандық қарым-қатынас соның нәтижесі деп айта аламыз. Бүгінде тәуелсіз мемлекет атанып, ел, халық болып қалыптасудың күрделі үдерістерін бастан кешіріп жатқан кезеңде ұлттық келісімді, дінаралық татулықты қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті міндеті болуы да сондықтан.
Ұланғайыр атырапты алып жатқан қазақ жері қандай кең байтақ болса, оны мекен еткен халқының да пейілі сондай кең-дархан. Дана халқымыз «бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады», – деп бекер айтпағанын байқаймыз. Оған себеп Қазақстан әртүрлі ұлттың бейбітшілікте өмір сүретін ел ретінде әлемге танылып, 130-дан астам ұлттар бейбіт өмір сүруде. Олар бір атаның баласындай бір шаңырақ астында еңбек етіп, тату тәтті күн кешуде. Қаншама жылдан бері ынтымақта, бірлікте өмір сүріп келуі қазақ халқының қонақжай екендігін көрсетеді.
«Түрі басқа болса да, тілегі бір. Жүзі басқа болса да жүрегі бір», – дей отыра ұлты, діні, тілі, ділі, салт-дәстүрі қандай болмасын түсіністік танытып, теңдей қарап, құрмет көрсетуде. Көп ұлтты ел болу – біздің байлығымыз, мақтанышымыз. Ұлттарды бір шаңырақ астына біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпы халықтық, жалпы азаттық орган қалыптасты. Оның Конституциялық дәрежесі бар. 1995 жылы құрылған Қазақстан Халықтары Ассамблеясы дүниежүзіне үлгі ететін ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені. Ал, барлығын бауырындай көріп, бөле жармайтын қазақ халқының татулығы ұлттар бірлігінің орнығуына себеп болды.
Ұлтаралық татулық пен келісім – ұлттық идеяның негізгі өзегі болып табылады. Ұлттар арасындағы бірлік пен сенім – әділдіктің сипатын бейнелейді. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге жетелейтін де біздің ауызбіршілігіміз, татулығымыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы артпақ. Алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен, достық пен ынтымақ елі. Бұл қазақ халқының бірлігін, кеңдігін, ұйымшылдығын, ынтымақтығын білдіреді.
«AQ-QARA.KZ»