Жексенбі, 11 Қараша 2018 21:00

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында бюджетке өзгерістер енгізілді

Алдағы уақытта Түркістан қаласының өркендеуіне баса назар беріледі. Ол үшін 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу қажет. Түркістанда облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясында негізінен осы мәселе депутаттардың талқысына түсті. Жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Нұржан Әшіров, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, маслихат депутаттары мен басқарма басшылары қатысты. 

Түркістан қаласының облыс орталығына айналуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы бекітілген шешімдеріне өзгерістер енгізілді.  2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджетке енгізілген өзгерістер негізінен құрылыс саласына басымдық берді. Ендігіде облыс орталығында жаңа әлеуметтік нысандар бой тіктейді.  

Түркістан тек облыс орталығы ғана емес, Түркі мемлекеттерінің астанасына айналуы тиіс. Ол үшін әрбір азамат қолынан келгенше үлес қосқаны абзал.Мұны халық қалаулылары да жіті түсінеді.  

«Елбасымыз айтқандай, Түркістан тек қана облыс орталығы болып қалмауы керек. Мәдени орталық болуы керек. Жан-жақты дамуы керек. Сондықтан біз бюджеттің басым бөлігін осы Түркістан қаласына бөлгеніміз абзал» деді Жансейіт Түймебаев.

Сессияда мемлекеттік-жекеменшікәріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы шешімге толықтыру енгізілді. Түркістан облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар теміржол қатынастарының тізбесін бекіту, облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшелерін лауазымынан босату және тағайындау туралы да мәселелер қаралды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1084 рет